ANTIKOR.LIVE: ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІҢ КЕЗЕКТІ СПИКЕРІ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Среда, 01 Сентябрь 2021 10:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1977 раз

«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, қалалық мәслихат депутаты, Сайрам көмекші мектеп – интернат колледж директоры Жадыра Таңатаровамен «Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы» тақырыбында тікелей эфирде сұхбаттасты.

717

 

Спикер баланың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда әдет-ғұрып, жүріс-тұрыстың, мемлекеттік рәміздердің де орны зор екендігін алға қоя отырып, ата-ананың өзі патриот азаматтар болуы тиіс екенін айта кетті.
«Antikor.Live» жобасы аясында өткен эфир барысында, «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, қоғамда «зорлық-зомбылық» ұғымын дұрыс түсінуді, оның жағымсыз салдарының алдын алу мақсатында «111» сенім телефоны жайлы ақпарат берілді.
Жадыра Нағашыбайқызы, балалар көбіне ұстазға қарай бой түзейтіндігі, ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке тұлға болып қалыптасуында тікелей әсер ететіндігіне көңіл аударды.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде атқарып жатқан қоғамдық жұмысына тоқталып кетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.