Версия для печати

«Халықтың саулығы- еліміздің байлығы»

Понедельник, 06 Сентябрь 2021 11:24 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1747 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл еліміздің егемендік туын желбіреткеніне отыз жыл толғалы отыр. Қиын-қыстау кезеңге толы осы жылдар тарихымыздың толағай беттерінде алтын әріптермен жазылатын болады. Осынау қысқа мерзім ішінде мемлекетіміз халықаралық аренада иығы шыңмен таласқан елдердің қатарынан табылып, гүлденген, дамыған елге айналып, мемлекеттілігін таныта білді.

Еліміз әлемдегі ең ірі ұйым - Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ), Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ), Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД), Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО),Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ), сондай-ақ, басқа мемлекетаралық ұйымдардың мүшесі болып, талай биік мінбелерден көрінді.

Бірқатар ұйымдарға төрағалық етті. Бірнеше ірі шаралардың ұйымдастырушысы және өткізушісі болды. Қысқа мерзім ішінде Орта Азия мемлекттерінің көшбасшысы болып қалыптасты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің экономикасын көтеру және кездескен қиындықтарды жеңу жолында атқарар жоспарлар мен міндеттерді нақты айқындап берді. Әсіресе, әлемді шарпыған пандемия экономикамыздың ілгерлеуі мен әл-ауқатымыздың өрістеуіне мейлінше әсер етуде. Осы орайда тек бірлескен іс-қимыл мен әрекеттің, бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында бұл қиындықтан өте аламыз деді.

Пандемия басталғалы Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалалық әкімдікте оперативті штаб құрылды, әр ауданда мониторингтік топтар құрылып жасақталды. Департамент пен оның аумақтық басқармаларында кезекшіліктер ұйымдастырылды, демалыс күндері арнайы топтар тұрақты жұмыс істеуде. Қалалық медициналық ұйымдармен, зертханалармен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Санитариялық ағарту топтары меншік нысанына қарамай барлық нысандарда санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуде. Коронавирус инфекциясын алдын-алу, екпе егудің тиімділігі жөнінде әңгіме, дәрістер, іс-шаралар өткізілуде. БАҚ-да әлеуметтік желілерде үзбей материалдар жарияланып келеді. Мамандардың біліктілігін арттыруда семинарлар, кеңестер, курстар ұйымдастырылып, өткізілуде.

2021 жылдың 1 қаңтар мен 5 қыркүйек аралығында COVID-19 инфекциясымен 31749 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен - 24265, симптомсыз - 7484. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 5960 жағдай тіркелген.

Бір тәулікте 1287 зертханалық тексерулер жүргізілді, оның ішінде 79 оң нәтижесімен, өсуімен 640600 оның ішінде 37261 оң нәтижесімен анықталды.

Барлық тіркелген ұйымдастырылған ұжымдарда індетке қарсы іс шаралар жүргізілген, қаулылыр шығарылған, қарым-қатынастағылар анықталып, COVID-19 - ға зертханалық тексерілген.

Бүгінгі күнге Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцинациялау бойынша:

Қолданыстағы вакциналардың бірінші компонентімен 440885 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы екпемен қамтылды. КВИ-ға қарсы жоспарланған 536000 ересектерді жалпы қамту 82,2 % құрады. Қала бойынша алғы шептегі қауіпті топтарға жататын медицина қызметкерлері 95,5%, ұстаздар мен тәрбиешілер және барлық күш құрылымдарының қызметкерлері 100% жуық бір реттік вакцинациямен қамтылды.

 

Коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар:

2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5 қыркүйекке дейін 31335 нысан мониторинг жұмыстарымен қамтылды. Барлық объектілерде коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг қорытындысы бойынша 2370 жауапты тұлғаға (жеке тұлға - 2235, жеке кәсіпкер - 82, заңды тұлға - 15, лауазымды тұлға - 38) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 148082070 теңгеге айыппұл салынды.

Оның ішінде, Үйлестіру орталығынан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантиндік талаптарын бұзғандығы үшін 285 жедел хабарлама келіп түсіп, тексерулер жүргізіліп, 266 нысанға 271 айыппұл 20 986 405 теңгеге салынды. 27 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданып, барлық нысан бойынша сот шешімі қабылданды. Соттың шешімімен 21 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды және 25 нысанға ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 2 272 480 теңгеге айыппұл салынды.     

«Ashyq» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар.

Қала бойынша «Ashyq» жобасына 7973 нысан енген. Шымкент қаласы бойынша анықталғаны 1605, соның 1128-і «қызыл» және 477-і «сары» статуспен анықталған. «Қызыл» және «сары» статуспен анықталған тұлғаларға 14-күндік үй карантинін сақтаулары керектігі туралы хабарлама беріліп, «сары» статуспен анықталған тұлғаларға санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды орындаулары туралы 386 қаулы шығарылды. 14 күндік үй карантині режимін сақтамаған 278 жеке тұлғаға 12090965 теңгеге айыппұл салынды. Карантин режимін сақтамай «қызыл» мәртебесімен анықталған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшы орынбасары  А.Ахметов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.