ЭЦҚ-ны шетелде де алуға болады

Вторник, 14 Сентябрь 2021 08:03 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 289 раз
Бұған дейін шетелде жүрген қазақстандықтарда ЭЦҚ алу мүмкін болмаса, енді елден тыс жерде тұратын отандастарымыз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне алады.
Ол үшін:
- компьютерге NCALayer бағдарламасын орнату;
- www.pki.gov.kz порталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру;
- жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет.
Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерден www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады.
Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді.
Айта кету керек, қазіргі таңда қызметтердің 90%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді. Оларды үйден немесе кеңседе отырып-ақ алуға болады. Бұл үшін ЭЦҚ электронды-цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.