Antikor. News: Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 60-тан астам қылмыс тіркелген

Четверг, 23 Сентябрь 2021 11:23 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 611 раз

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ағымдағы жылдың 8 айдағы қызметінің нәтижелері бойынша брифинг өтті.

Атқарылған жұмыстармен таныстырған Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев жыл басынан Департаментпен 63 қылмыс тіркелгенін, оның ішінде 45 сыбайлас жемқорлық сипатындағы екенін атап өтті.

«Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. Жымқыру фактілері бойынша 17 және парақорлық фактілері бойынша 30 қылмыс тіркелді.

Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында- 13, құрылыс саласында 12, білім – 8, денсаулық сақтау – 7, салық және жер қатынастары салаларында - 3 қылмыстан тіркелген.

Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 29 тұлға әшкерленді.

Тіркелген қылмыстық істер бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд. 607 млн. теңге өтелгендігінен хабардар етті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.