Версия для печати

Бала туу және жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

Понедельник, 22 Ноябрь 2021 07:46 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2122 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу  туралы айтып берді.

 

kualik

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

«Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ, жақында бізде экстерриториялды қағидат енгізілді. Баланың туылуына байланысты жәремақыны, енді тұрғылықты жеріне қарамастан, кез келген ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады», - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева.

Айта кетейік, бұл қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.