Тәуелсіздік – туымыз

Четверг, 02 Декабрь 2021 05:10 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1786 раз

Мемлекеттік маңызды қызметтер. Арнайы операциялар. 30 жылғы қырағы күзет пен қажырлы еңбек. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың жалпы төрағалығымен «Отандық арнайы қызметтің хроникасы» және «Мемлекеттік шекара» кітаптары жарыққа шықты. Шымкентте еліміздегі күштік құрылымның жұмысын сипаттайтын туындының таныстырылуы өтті.

 

UQK 3

 

Алдымен тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан шекарашыларды еске алуға арналған митинг болды. Жиынға ҚР ҰҚК Шымкент қалалық департаментінің басшылары мен қызметкерлері, шекарашылар, ардагерлер мен марқұм сарбаздардың отбасылары қатысты. Көпшілік ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, әскери борышын өтеу жолында опат болғандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.

 

Shekara 2

 

Shekara 3

 

– Қазақстандық бітімгерлік батальоны мемлекетаралық келісімге сай 1993–2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін абыройлы және ерлікпен орындады. Өкінішке қарай, кейбір қарулас бауырларымыз Отан алдындағы міндетін орындауда өмірлерін қиды. Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік ерлік көрсеткен қазақстандық шекарашылардың ерліктері ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының жеке құрамының жауынгерлік рухын көтереді және өскелең ұрпаққа өнеге болмақ, – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облыстық департаменті басшысының орынбасары Айдар Каженов.

 

Shekara 4

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облыстық департаментінде өткен салтанатты жиында кітаптар көпшілікке таныстырылып, ерен еңбегімен, көз ерлігімен көзге түскен қызметкерлер, ардагерлер марапатталды.

 

Shekara 5

 

– Биыл тәуелсіздік алып, егеменді ел атанғанымызға 30 жыл толып отыр. Бұл – біз үшін ерекше мереке. Еркіндік пен Мәңгілік Ел қалыптастыру – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы. Егемендік жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзін алдына қойылған міндеттері жауапты әрі тиімді шешетін қызмет ретінде танытты. Осы орайда Тәуелсіздік мерекесі және комитеттің 30 жылдығы қарсаңында мерекелік екі кітап жарыққа шықты. Бұл кітаптарда Ұлттық қауіпсіздік органдарының қалыптасуының негізгі кезеңдері көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шекарасын күзету ісінде лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндалған. Еліміздегі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің алдын алу, анықтау және жолын кесу – ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қастерлі міндеті, – деді ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Қайсар Тасыбеков.

Бұдан кейін ардагерлер сөз алып, тәуелсіздік алған жылдардан бергі қызметтегі кезеңдерді еске алды.

 

Shekara 7

 

Shekara 9

 

Салтанатты жиында ҰҚК Шекара қызметі департаментінің бастығы Ерке Қайппаев ҚР ҰҚК төрағасының бұйрығымен «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен запастағы офицерлерді, жауынгерлік міндетін өтеу кезінде опат болған шекарашылардың жұбайларын марапаттады. Іс-шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.

Последнее изменение Четверг, 02 Декабрь 2021 05:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.