Байқаушылар тізімін калыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Вторник, 01 Февраль 2022 12:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3052 раз

Шымкент қаласы мәслихаты Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізілетіндігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

            Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірген азаматтар өз өтінішін (Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)  2022 жылғы 1-5 ақпан аралығында Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына (Шымкент қаласы, N.Nazarbayev даңғылы, №10, №206 бөлме, байланыс телефоны: 24-74-71, сағат 09:00-ден – 19:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 15:00-ге)) қолма-қол береді немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жібереді.

 

Үлгіні жүктеу

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.