Шымкент қаласындағы коронавирусты инфекция аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай, вакцинация және карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы

Пятница, 01 Апрель 2022 04:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3069 раз

31 наурыз 2022ж.
Шымкент қ.

Спикер:

Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы – Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары.

Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

2022 жылғы 05 ақпаннан бастап қала «жасыл» аймақта.

2022 жылдың 30 наурызында тіркелгені 2 жағдай, оның ішінде симптоммен – 1 (50,0%), симптомсыз – 1 (50,0%).

18 жасқа дейінгі балалар арасында жағдай тіркелмеді.

1 жағдай медициналық көмекке жүгінгенде және 1 жағдай алдын алу тексеруімен анықталған. Қарым-қатынаста болған 2 адам медициналық бақылауға алынды.

Бүгінгі таңға 5 белсенді үй ошақтар қадағалануда, ұйымдасқан ұжымдардағы ошақтар тіркелмеді.

Қалада COVID-19-ға ПТР тексеру 15 зертханада жүргізілуде. Соңғы тәулікте 183 зертханалық тексерулер жүргізіліп, оң нәтижемен 2 (1,1%) жағдай анықталды.

Оқушылар мен студенттер арасында КВИ аурушаңдық сыныпта, ауысымда және ағында 30%-дан жоғары тіркелмеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылдың 25 наурыздағы №18 қаулысымен «Комирнати» (Pfizer) вакцинасымен КВИ-ге қарсы вакцинация мен ревакцинация 12 жастан бастап барлық адамдарға және Қазақстанда «Комирнати» (Pfizer) вакцинасымен вакцинациялаудың алғашқы курсын аяқтау үшін шетелде «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының бірінші дозасын алған адамдарға жүргізіледі.

Сондай ақ, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 немесе одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.

Қалада вакцинациялау және ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген КазВак, КоронаВак, «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналармен жүргізілуде. Вакциналар алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінде жеткілікті.

Вакцинациялау БМСК және білім беру мекемелерінде егу пункттерінде егуді жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде тегін жүргізіледі.

Егу пунктерінде вакциналардың сақталуы, тасымалдануы, қолданылуы «Суықтық тізбегін» сақтай отырып санитариялық талаптарға сай жүргізілуде. Егуді арнайы оқытылып, рұқсат алған медициналық жұмыскерлер жүргізеді.

Тәуекел топқа жататын 596205 ересек тұрғындар егуге жоспарланып, КВИ қарсы вакцинаның:

1-компонентімен 600840 (100,8%) адам;

2-компонентімен 590385 (99,0 %) адам егілді.

«Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасының 1-компонентпен егілгендер 67062, оның ішінде:

- 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 53417;

- жүктіліктің 16 -37 апта аралығындағы әйелдер 3882;

- емізулі әйелдер 9763.

2- компонентпен 51391 адам егілді, оның ішінде:

- 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 41589;

- жүктіліктің 16 -37 апта аралығындағы әйелдер 2952;

- емізулі әйелдер 6850 егілді.

Ревакцинациямен 188309 адам егілді.

Ковидке қарсы ұжымдық иммунитетті ауырғандардың есебінен қалыптастыруға болады. Бірақ, бұл жағдайда адамдар арасындағы өлім-жітім жоғары болады және коронавирустың мутациялануына көбірек мүмкіндік беріледі. Демек, ауруды жоюдың жалғыз жолы – халықты коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациялап, 80% ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды аурудан қорғау үшін саналы және жауапкершілікпен вакцина алуды ұсынамыз.

Айта кететін жағдай «Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 18 наурыздағы № 15 қаулыда 33 елдің құжаттардың үлгілеріне сәйкес:

1. Аргентина Республикасы;

2. Белиз;

3. Боливия мемлекеті;

4. Бразилия Федеративтік Республикасы;

5. Ұлыбритания;

6. Мажарстан;

7. Грузия;

8. Индонезия Республикасы;

9. Иран Ислам Республикасы;

10. Иордания;

11. Испания Корольдігі;

12. Канада;

13. Қырғыз Республикасы;

14. Мальдив Республикасы;

15. Моңғолия;

16. Армения Республикасы;

17. Беларусь Республикасы;

18. Молдова Республикасы;

19. Перу Республикасы;

20. Сан-Марино Республикасы;

21. Сербия Республикасы;

22. Тунис Республикасы;

23. Үндістан Республикасы;

24. Филиппин Республикасы;

25. Таиланд;

26. Түркия Республикасы;

27. Өзбекстан Республикасы;

28. Черногория Республикасы;

29. Чех Республикасы;

30. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы;

31. Эквадор Республикасы;

32. Эстония Республикасы;

33.Жапония елінде берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №9 қаулыларына сәйкес Шымкент қаласындағы шектеу шаралары жеңілдетілді.

Қаулыға сәйкес, үй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды, алайда медициналық ұйымдарда, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда, үй карантині жағдайында бетперде кию талабы өз күшінде қалды.

Байланыс үшін:

Шымкент қ. СЭБД жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Алибаева У.А. 8 702 679 71 44

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.