Версия для печати

Қала көркі – баршаға ортақ

Пятница, 08 Апрель 2022 10:43 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3968 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қандай да бір елді мекеннің тазалығы сақталып, көріктенуіне атқарушы билік те, жергілікті тұрғындар да жауапты. Әркім өзінің үйі мен жұмыс орнын, кәсіптік ғимаратын таза ұстаса, қоғамдық тазалық осылай құралады. Ал билік өкілдері осы абаттандыру жұмыстарына жауапты.

Осыған орай жуырда Әл-Фараби аудандық әкімдік қызметкерлері ауданға қарасты көшелерде рейд ұйымдастырды. Полиция және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мамандары қатысқан іс-шара барысында кәсіпкерлер мен ғимарат иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Reid 1

Атап айтқанда Ә.Жангелдин, Ш.Қалдаяқов, Т.Рысқұлов көшелерінің бойы тексеріліп, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғындарға ескерту хаттамалары толтырылды. Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне абаттандару қағидаларын сақтау тәртібі түсіндірілді. Айта кетейік, қоғамдық орынға қоқыс тастаған тұлғаға ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексіне сай шара көріліп, айыппұл кесіледі.

Бұған қоса Қазыбек би көшесінің бойындағы кәсіпкерлік нысандардың иелеріне ғимараттағы жарнама мәтіндерін ретке келтіруге, дұрыс жазылуына мониторинг жасалды. Әкімдік қызметкерлері көше бойларында орналасқан жарнамалардың «ҚР Тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша 26 кәсіпкерге кезекті түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Reid 4

Кәсіпкерлік нысандардағы кейбір бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында тіл туралы заңның сақталмағаны анықталып, түзету туралы ескерту берілді. Олқылық жойылмаған жағдайда жеке кәсіп иесі заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«ҚР Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, кез келген көрнекi ақпараттың мәтiнi ең алдымен мемлекеттiк тiлде жазылып, қажеттiгiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.