Шымкенттік кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады

Четверг, 12 Май 2022 06:22 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 854 раз

Бүгінде заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет "Электронды үкіметтің" веб-порталында толық автоматтандырылған. Осылайща бұл қызмет адами фактордың қатысуынсыз, электронды хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалы өкілдері бұл қызметті қалай рәсімдеу туралы айтып берді.

Жаңа жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашу үшін кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салық басқармасына барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болса, жеткілікті. Тіркеуге egov.kz сайтындағы нұсқауларды орындау арқылы 30 минуттан аз уақыт кетеді.

Осылайша шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электронды хабарлама «Электронды үкімет» веб-порталында толтырылады және беріледі.

Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды. Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер дұрыс болса, ақпараттар жүйеде өңделеді және ЖШС тіркеу туралы анықтама 30 минуттан кейін беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Хабарландыру Ардагерін ардақтап... »