Ата-аналар назарына. Қазақстан азаматтары жеке куәлікті 16 жастан бастап алса, паспортты кез келген жаста алуға болады. Осы орайда балаға паспорты дұрыс рәсімдеу жолдарымен таныса отырыңыздар:
Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет:
- туу туралы куәлік
- ата-анасының біреуінің жеке куәлігі
- 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек
Ата-аналардың бірінің болуы міндетті.
Қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні. Шымкент қаласының тұрғындары құжат алу мерзімін жеделдету үшін қосымша мемлекеттік бажды төлеп, паспорт алу рәсімін 1 жұмыс күніне дейін жеделдете алады. Паспорттың өзі он жылға жарамды.