Еңбекші аудандық сотында қантар оқиғасына қатысты іс қаралды

Среда, 08 Июнь 2022 11:23 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2095 раз

13.05.2022 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында «Б» есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-тің 272-бабының 2-бөлігімен, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

 

Бас сот отырысында 2022 жылғы 4 қаңтарда «Б» есімді азамат үшінші тұлғалармен бірге әлеуметтік желі арқылы Шымкент қаласының аумағында жаппай тәртіпсіздік орын алып жатқанын көріп, оған қатысу мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңында орналасқан «Шымкент Плаза» сауда орталығының алдына барған.

Әрі қарай жаяу Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан Шымкент қаласының әкімшілігінің ғимаратының алдына барып, Шымкент қаласының әкімшілігінің ғимаратының алдында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне және әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен сарбаздарына қатысты күш қолданумен, қызметтік және жеке автокөліктерді, ғимаратты қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздік іс-әрекеттеріне қатысқаны өз дәлелін тапты.

Сотталушының сот отырысында өз кінәсін толығымен мойындап, шын жүректен өкініш білдіруіне байланысты соңғыға қатысты сотпен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жаза шартты деп саналды. Яғни бас бостандығымен айырумен байланысты емес жаза тағайындалды. Бүгінгі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұл ретте, қала тұрғындарын заң талаптарын сақтап,   тәртіпсіздіктерге бармауға шақырамыз және орын алған фактілері жөнінде 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлауды сұраймыз.

 

Еңбекші аудандық прокуратурасы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.