ЗАҢСЫЗ АҒАШ БАЗАРЫ КӨШІРІЛЕДІ

Пятница, 19 Август 2022 04:18

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында пайда болған заңсыз ағаш базары жабылып, көшіріледі. Сауда орнына кезекті рет келіп, ескерту жасаған арнайы топ осылай деп мәлімдеді.

365

«Әділдікті талап ет!»

Пятница, 19 Август 2022 04:15

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп 15 тамыздан бастап «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады. Оған Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады.

369

TOLEM АРҚЫЛЫ ТЕГІН ТАМАҚТАНАДЫ

Пятница, 19 Август 2022 04:13

Мектепте оқушылардың тегін тамақтануы енді Tolem жүйесі арқылы іске асырылады. Ол үшін ата-аналар 1 қыркүйекке дейін оқушыларына картаны рәсімдеп үлгеруі тиіс. Жаңа жүйе жаңа оқу жылында асханалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін 54 мектепте қолданыла бастайды деп күтілуде. Қолдарында Tolem картасы бар 1-4 сынып оқушылары мен жоғарғы сыныптардағы тиісті санатқа жататын оқушылар тегін тамақтанады. Осылайша қоғамдық көліктерде қатынау үшін қолданылатын Tolem картасы енді оқушылар үшін әмбебап картаға айналмақ. Ол карта әр оқушыға жеке-жеке, фотосуретімен шығарылатыны белгілі.

362

Шымкентте «Күміс домбыра» байқауы өтті

Шымкентте жас ақындар арасындағы республикалық өнер бәйгесі мәресіне жетті. Биыл қазақтың ұлы ағартушысы Абай күніне орайластырылған жыр додасын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

250

АРАЙЛЫМ – «КҮМІС ҚАЛАМ» ИЕГЕРІ

Пятница, 12 Август 2022 04:34

Ашық аспан астында өткен жыр додасында айтыскерлермен қатар жазба ақындардың да үздіктері анықталды. Әдебиет әлемінде жас дарындарға жол ашу мақсатында қолға алынған мүшәйрада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі Бекмұрат Анарбаев қазылық етті.

251

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы Шымкентте өтті. Алқалы жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Элвира Азимова, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби және кәсіпқой емес медиаторлар, сарапшылар қатысты.

224

БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Среда, 10 Август 2022 06:36

Шымкентте мониторинг тобы азық-түлік бағасын бақылауға кезекті рет шықты. AMANAT партиясының қалалық филиалы жанынан құрылған арнайы топ үшінші мегаполистегі «Айна» базары және Ж.Шаяхметов көшесінде орналасқан Magnum сауда орнында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Топтың құрамында партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, атқарушы хатшының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, қалалық мәслихат депутаттары Байкен Әшірбаев пен Сұлтанғали Қуандық және БАҚ өкілдері болды.

216

Шымкент тұрғындары коммуналды саладан бастап қоғамдық көлік, инфрақұрылым және басқа да проблемалар бойынша хабарласатын ситуациялық орталық барына үйренген.
І-Shymkent 109 орталығы арыз-шағымдарды түрлі байланыс жолдарымен қабылдап, тиісті органдар мен жауапты мамандарға жеткізеді. Шешімін арызданушыға хабарлайды.

214

Страница 8 из 53