Үсік шалу
Среда, 28 Февраль 2024 05:42Үсік - тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең,көктемде немесе күздеауа температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі. Үсік суық ауа массасының (адвекциялық үсік) басып кіруінен немесе топырақ пен өсімдікжамылғысы бетінің түнгі суынуынан (радиациялық үсік) пайда болады.
Су тасқыны
Среда, 28 Февраль 2024 05:41Су тасқыны - қардың еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрган қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалуы салдарынын болады. Ұзақ мерзімдік су тасқыны - су басу 1 айдан 2 айға дейін созылады. Қысқа мерзімдік су тасқыны - су басу бірнеше сагатқа созылады. Кенеттен болатын су тасқындары - мол жаңбырлардың, бөгеттердің, дамбалардың бузылу нәтижесінде болады. Судың аумалы деңгейі - жақын гидрологиялық күзет орнымен өлшенетін деңгей, одан асып кетсе аумақты су басады. Су басу ауқымдығы - сумен басылған аумақтың мөлшері.
«Мұғалім болу оңай емес»
Среда, 28 Февраль 2024 04:09Шымкентке ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен келді. Еліміздің бас ұстазы жергілікті тұрғындармен және білім беру саласы мамандарымен жүздесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұрпақтың саналы да сапалы білім алып, кәсіби маман болуына ерекше мән беріп отырғанын және мұғалімдер форумы өтіп жатқанын айта кетті.
ХЬЮСТОНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Среда, 28 Февраль 2024 04:0823-25 ақпан аралығында Астана қаласында Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты өткен еді. Білім сайысында Орта Азия чемпионы атанып, АҚШ-та өтетін халықаралық конкурсқа жолдама жеңіп алған Robo Park ShymSide командасын шымкенттіктер зор қошеметпен қарсы алды.
ТАЗАЛЫҚ НАЗАРДАН ТҮСПЕУІ ТИІС
Среда, 28 Февраль 2024 04:06Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Мегаполис басшысы жауапты мекемелер басшыларына қала тазалығын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
ЖАҒАЛАУДЫҢ ЖАЙЫН ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ШЕШЕДІ
Среда, 28 Февраль 2024 04:05Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновация бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлерге барды.
«РУХЫ МЫҚТЫ ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ»
Среда, 28 Февраль 2024 04:04ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Шымкент қаласындағы бірқатар әскери бөлімдерді аралап, жағдайымен танысты.
«АНТҚА АДАЛ БОЛУ КЕРЕК»
Среда, 28 Февраль 2024 04:03Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков қалалық полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті.