22658735670124163 1c9e

Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті.

– Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 мамырдан 25 мамырға дейін карантин тәртібі сақталады. Қазіргі таңда қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауда. Дегенмен, карантин талаптары біршама жеңілдетілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 21.00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүре бастайды, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Ербол Садырдың мәлімдеуінше, қала аумағындағы базарлар да (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) 12 мамырдан бастап сағат 10:00- 18:00 аралығында жұмыс істейді.

ГҮЛЗАРЛАР – ШАҺАР ШЫРАЙЫ

Среда, 13 Май 2020 02:50

IMG-20180329-WA00331

Әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары жүруде.

– Қазіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының» жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, – дейді әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

 

IMG-20180329-WA0027


Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды абаттандыру жұмыстары басталған.
Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін айшықтап, қала тұрғындары үшін демалатын аймаққа айналатын болады.
Айта кетейік, аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне 25.12.2017 жылғы №121-VI Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 93-ші баппен,   салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату енгізілгенін хабарлайды. Аталған баптың 2-ші тармағы 2-ші тармақшасына сәйкес, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде тұрған, қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілердің 01.03.2020 жылға түзілген алғашқы тізбесі Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің http://shymkent.kgd.gov.kz сайтында жарияланған.

Кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың, қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттарымен қоса берілген өтініштері (наразылықтары) ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады:

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, № 68;

Байланыс нөмірлері: 36-71-14, 36-70-97;

 

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұжымы мен "Қазақ радиолары" бірлесе отырып коронавирус туралы жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін қазақ тілінде аудиоклип дайындады.

Бұл қадам пандемиядан қорғау және жалған ақпаратты таратуға қарсы күрес үшін әлемнің барлық радиостанцияларын жұмылдырған ЮНЕСКО бастамасын қолдауға арналады. COVID-19 туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЮНЕСКО әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиостанциялар еркін пайдалана алатын бірқатар аудио хабарламалар сериясын шығарды. ЮНЕСКО бұл ресурстарды вируспен бірге сенімді емес ақпараттың зиянды салдарының алдын алу үшін ұсынды. Қысқа аудио хабарламалар індеттің алдын алу шаралары туралы пайдалы ақпарат береді, вирус туралы аңыздарды таратпау, ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Бұл хабарламалар тек ағылшын, француз, испан және араб тілдерінде таратылатын болса, қазір олар қазақ тілінде тыңдарманына жол тартты.

Дыбыстық клипті қазақ тіліне ҚазҰУ профессоры Гүлмира Сұлтанбаева аударды. Аудио хабарламалар кез-келген тыңдаушыға қол жетімді. Олар тегін жүктеледі және әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттік, жеке және қоғамдық радиостанциялар эфирге тарата алады. «Қазақ радиосы» - шынайы және объективті ақпарат таратуға шақырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ғалымдары ғаламдық зерттеулер жүргізу тобына қосылды.

Бүкіләлемдік журналистика зерттеулері - Worlds of Journalism Study Association (WJS) 2010 жылы құрылған әлемдегі журналистиканың ахуалын тұрақты бағалайтын академиялық жоба. Людвиг-Максимилиан Мюнхенс университетінің профессоры Томас Ханичтың үйлестіруімен ғаламдық зерттеу тобы бүгінде 110 елдің журналистика академиялық ошақтарын басын біріктірген. Әлемдік QS топ-университеттердің медиа және коммуникация зерттеулері рейтингісінің көшбасшы кафедралары жетекшілігімен Африка, Азия, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы және Кариб аралдары, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің ұлттық нарығын зерттеуді бастады.

Зерттеудің басты мақсаты – журналистер, репопертерларға жұмыс бабында қойылатын шарттар, шектеулерге қатысты кәсіби көзқарастары, дүниетанымындағы өзгерістерді жақсы түсінуде, сондай-ақ әлемдегі пандемия жағдайында журналистиканың әлеуметтік функциясын айқындау саналады.

Ассоциацияның Жарғысында аталғандай, басты міндеті ғылыми зерттеулерді қолдау мен әлемдегі журналистиканың жай-күйін бағалау. WJS серіктестері ретінде ЮНЕСКО, Журналистердің халықаралық федерациясы, Шекарасыз репортерлер, Журналистер даярлаудың Еуропалық ассоциациясы сияқты белді ұйымдар бар.

Алғашқы пилоттық зерттеулер 2007-2011 жылдарды қамтыса, келесі толқыны 2012 – 2016 жылдардың арасында жүргізілді. Зерттеулерге алғашында әлемнің 67 елінен ғалымдар қатысып, ұлттық деңгейлерде журналистика кейстерін бағаласа, екінші кезеңінде жалпы методологиялық базалық зерттеулерге 27 500 журналист қатысқан. Worlds of Journalism зерттеулері журналистердің қызметтік міндеттерін орындаудағы жаңашыл тәсілдері, олардың қоғам мен үкімет арасындағы қарым-қатынасы, сондай-ақ жұмысының сипаты мен мәнін бағалаудан тұрады.

2020-2022 жылдарды қамтитын WJS үшінші толқын зерттеулеріне 110 елдің ішінен Қазақстан ғалымдары алғаш қатысуда. Қазір республика бойынша 2500 журналисі қамтитын болжамды респонденттер базасы әзірленіп жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары WJS аясында зерттеулер жүргізуге дайын. Бұл елімізде журналистиканың ұлттық ерекшелігін жаһандық деңгейде танытуға жаңа жол ашады.

 


Гүлмира Сұлтанбаева,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
профессоры

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыс журналистикасының ғылыми орталығы ашылды. «Orient» ғылыми орталығын құруға ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен «AFG-QAZ» Қазақстан-Ауған даму және серіктестік қауымдастығы атсалысты.

«AFG-QAZ» Қазақстан-Ауған даму және серіктестік қауымдастығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен 2018 жылдан бастап тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, онда ауған студенттері Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасына (IRA) арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруда. «AFG-QAZ» даму және серіктестік қауымдастығы журналистика факультетінің іс-шараларына, мысалы, қысқы және жазғы журналистика мектептері, студенттік конференциялар мен форумдарға белсенді қатысады.

«Orient» ғылыми орталығының қызметі Таяу және Таяу Шығыс, Орталық Азия, соның ішінде Ауғанстан мен Қазақстанды қамтиды. Орталықтың мақсаты - әр түрлі елдердің журналистерін біріктіру және болашақ кадрлардың кәсібилігін арттыру.

AFG-QAZ қауымдастығының төрағасы О.А. Битимовтың айтуы бойынша: «Шығыс орталығының негізгі мақсаты - журналистика саласындағы білім мен практикалық нәтижелерді сақтау, қалыптастыру және тарату үшін білім беру, мәдени білім беру, ғылыми-зерттеу және ақпараттық-имидждік қызметті үйлестіру, сонымен қатар, ұйымдастырушылық және басқа жұмыстарды жүргізу ».
AFG-QAZ қауымдастығы «Orient» орталығымен бірлесіп, елдеріміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі маңызды оқиғалар туралы өзара ақпараттандыру үшін БАҚ пен сарапшылар қоғамдастықтарының мүмкіндіктерін тартуды жоспарлап отыр.

Орталық Азия аймағы мен Ауғанстаннан келген контрагенттер шығыстық орталыққа қазірдің өзінде қызығушылық танытып отыр. Болашақта «Orient» журналистиканы дамыту, журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға ниетті.

«Шығыс елдері журналистикасын зерттеу Азия елдерінің медиа мәдениетін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз», - дейді TOLOnews ТВ-нің саяси шолушысы, Ауғанстан журналисі Абу Муслим Ширзад.
«Orient» орталығы ұйымдастыруымен «Журналистикадағы ерлігі» үшін сыйлығы жылына бір рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Кабулдағы террактіде қызмет бабында қайтыс болған телерепортер Саид Самим мен Ауғанстанда әскери соғыс қимылдарына қатысқан жауынгер журналист Ержан Сұлтанбаев құрметіне тағайындалатын болады. Бұл шара шығыс елдері журналистерінің кәсіби ынтымақтастығын арттыруға ықпал етеді.

AFG-QAZ қауымдастығы төрағасы Ө. Бітімов: «Шығыс журналистикасы орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шараларға Шығыс елдерінің дипломатиялық қызметтері қатысуы мен қолдауы біздің бірлескен жұмысыздың басым бағыты болмақ», - дейді.

«Orient» орталығы Шығыс елдерінің журналистикасын зерттеумен қатар, медиа кеңістіктегі ақпараттық интеграцияға жол ашады.

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне 25.12.2017 жылғы №121-VI Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 93-ші баппен,   салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату енгізілгенін хабарлайды. Аталған баптың 2-ші тармағы 2-ші тармақшасына сәйкес, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде тұрған, қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілердің тізбесі Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің http://shymkent.kgd.gov.kz сайтында жарияланған.

Кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың, қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттарымен қоса берілген өтініштері (наразылықтары) ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады:

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, № 68;

Байланыс нөмірлері: 36-71-14, 36-70-97;

 

Күш - бірлікте

Среда, 06 Май 2020 04:14

Әлемді алаңдатқан пандемия уақытында білім беру саласына үлкен міндет жүктелді. Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті де ұстаздар қауымы мен ата-аналарға қолдау көрсетіп, нақты жұмыстарға көшті. Мекеме қызметкерлері шұғыл түрде қашықтан оқу жағдайына бейімделіп, ұстаздармен байланыс орнатудың тетіктерін қолға алды. Іле-шала мектеп басшыларымен бірге «Telegram» каналы ашылып, оның жұмысы іске қосылды. Өзекті мәселелер онлайн жиналыстарда талқыланып, өзгерістер мен жаңалықтар ұстаздар қауымына уақытында жеткізіліп отырды.
Айта кетерлігі, білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар технологияны жылдам игеріп, ақпараттық сауаттылықтарын көрсетті. Сонымен қоса, департаментте құрылған «Жедел желі» жұмысы да тиімділігін көрсетті. Қоңырау шалушылар тоғандырған кез келген сауалына жауап алу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Қашықтан оқудың тағы бір тиімді тұсы, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына бағыттайтынын да аңғартты.

 

 

Дина АГМАНОВА,
Шымкент қаласының
білім саласында
сапаны қамтамасыз ету
департаменті
білім сапасын
cырттай бағалау
бөлімінің басшысы

Страница 4 из 379