Ассамблея тағы да көмек жіберді

Пятница, 12 Апрель 2024 04:48

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беру жөніндегі өңірлік штаб жұмысын белсенді жалғастыруда. Қазіргі таңда қалада ҚХА белсенділері ашқан бекеттерде құны – 18,5 млн. теңгеден асатын 40 тоннаға жуық зат жиналған.

KoMeK-2

Елімізде тұрғын үй өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Баспаналы болғысы келетін көптеген қазақстандықтың үміті мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламаларда. Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты жоспарлардың бірі.
Осы орайда Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Исламов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тұрғын үй қатынасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыс пен жоспарлары туралы бөлісті.

Turgin-100

Шымкентте қалалық қоғамдық көлік қызметінің арнайы кездесуі өтіп, онда қаладағы қоғамдық көліктердің жай-күйі мен өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиында қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындардың өтініш-тілектері мен қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралып, Шымкент қалалық полиция департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, төлем компаниясы, тасымалдаушы мекемелердің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді.

KogamK

Еңбекші ауданы – Шымкентте өндіріс орындары шоғырланған аумақ. Ауданда 18 тұрғын алап, 11 шағынаудан бар. 728 көше мен өткел, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан. Халық саны 228 830-ге жетті. Ауданда тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

EnbekA-2

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталмыш құжат нормаларына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енді.

Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі дуальді оқыту жүйесі бойынша көптеген серіктестерімен бірігіп, студенттерді фабрикаларға кәсіптік тәжірибеден өтуге жібереді. Студенттер фабриканың тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, тәжірибе жинақтайды.

ХИМБИОЛОГТАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:40

Ж.Тәшенов университетінің Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті «Химия және биология мұғалімін даярлау» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Жалпы химия» пәнінен ашық семинар сабағы өтті. Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылып, студенттер алған білімін, алғырлығы мен тапқырлығын көрсетіп, белсенділік танытты.

Білім сағат сайын жаңарып отырған заманда болашағына үлкен қадам жасайтын жас түлекке алдымен мамандықты, сонан соң сол кәсіптің қыр-сырын меңгертетін жоғары оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік. Ал бүгінгідей бір мамандықты бірнеше университет оқытатын жағдайда талапкерге таңдау жасау, тіпті қиын.

Страница 5 из 797