M-AITENOV

Құрметті шымкенттіктер!

Сіздерді 1 мамыр—Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мереке көпұлтты мемлекетімізді мекендеген бір тұтас халықтың ынтымағы мен бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының тұғырын танытатын мерейлі мейрам. Көңілі дархан, пейілі шалқар қазақ елінің қарашаңырағы қаншама ұлттардың қасиетті қонысына айналды. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған, мемлекетіміздің іргесін мығым еткен татулық пен толиаранттылық біздің басты құндылығымыз. Елімізде салтанат құрған сарабдал саясат пен жасампаз бастамалар қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа негіз болуда.
Әлемді әбігерге салған бүгінгі пандемия кезінде де бізді осынау қиындықтан шығуға жетелеп отырған еліміздегі бірлік пен береке, ұйысқан ынтымақ пен сабырлылық десек артық айтқандық емес. Бүкіл ел күрделі жағдайды бастан кешкен сынақ сәтінде бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып, індетке тосқауыл қоюға атсалысқан медицина, полиция қызметінде, еріктілер қатарында жүрген түрлі ұлт өкілдерінің жанкешті еңбегі осы бірлігіміздің белгісі. Осындай достық пен туыстықтың туын бірлесе көтерген елдің қандай қиындықты да еңсеретініне, болашағымыздың жарқын екендігіне сенімдіміз.
Мереке құтты болсын! Мерейіміз үстем, бірлігіміз бекем болсын, ағайын!

 

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент
қаласының әкімі

Ғани ТАШҚАРАЕВ,
Шымкент қаласы
мәслихатының
хатшысы

Елімізде төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Шымкент қаласында 200-ден астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айрылу төлемін, ал 700-ге жуық отбасы бала тууға және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеді.

Енді жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы тапсыруға мүмкіндік бар. Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айрылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Ал балалы болған отбасылар бала тууға және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде өтініш толтыру қажет.

 

bala

 

«Цифрландыру заманында проактивті әдіс арқылы барлығын онлайн жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын egov.kz порталының мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Проактив қызметін пайдалана отырып, баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады. Мобильді базаға тіркелген аналар ұялы телефонының көмегімен өздері аталған қызметке тапсырыс бере алады», - деді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді.

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады.

«Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса жеткілікті. Төтенше жағдай жарияланғалы бері 200-ден астам автокөлік онлайн тәсілмен тіркелді. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсетінін болжап отырмыз, өйткені мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ қарапайым және ыңғайлы шешімдерді таңдайтын азаматтарымыздың саны көбейіп келеді», -дейді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілі Алтынай Татаева.

 

tcon

 

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде орналасқан. Оны онлайн режимде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электронды үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды.

Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін жаңа мемлекеттік нөмір және техникалық құжат үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электронды цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық құжатты алып кету үшін барады.

94218823 2508708402775444 5343580288553320448 n

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда.

Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды.
Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы техника тартылған. Бүгінде екінші кезең бойынша жұмыстардың 43 пайызы орындалды.
Бұдан бөлек ақпараттық жүйелер мен багаж жабдықтарын жеткізу бойынша келісімшарт жасалса, жеделсатылар мен эскалаторларды жеткізу бойынша келісім түзілуде.
Болашақта әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, – деп жоспарланған.
Жауапты мамандардың айтуынша, терминалдың құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталмақ.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАрын ұсынады

Пятница, 24 Апрель 2020 00:37

Шымкент қаласы бойынша тұрғындарға бос жұмыс орындары бар екенін хабарлаймыз. Медицина, білім, құрылыс саласына мамандар қажет. Тізімде сұраныстағы мамандықтар мен хабарласуға қажетті телефон нөмірлері ұсынылған.

Медицина саласы бойынша

1. Қалалық клиникалық балалар ауруханасы:

Дәрігер – ревматолог;
Дәрігер – эндокринолог;
Дәрігер – неонатолог;
Дәрігер – фармаколог;
Дәрігер – гастроэнтеролог (балалар);
Дәрігер – оториноларинголог (балалар);
Дәрігер – педиатр;
Дәрігер анестезиолог және реаниматолог (балалар);
Дәрігер – рентгенолог;
Байланыс тел: 41-80-43, 87029671159

2.Қалалық онкологиялық орталық:

Дәрігер – патологоанатом (ересектер мен балалар бойынша);
Лаборант (орта білім);
Дәрігер – онколог (ересектер бойынша);
Дәрігер – трансфузиолог
Дәрігер – маммолог (ересектер бойынша);
Дәрігер (ультрадыбыстық диагностика);
Дәрігер – радиолог
Лаборант (рентгеноспектральды анализ);
Лаборант – микробиолог;
Функционалды диагностика дәрігері;
Цитолог;
Дәрігер фармаколог (клиникалық);
Дәрігер – рентгенолог;
Медбике.
Байланыс тел: 36-11-13, 87784636664

3.№4 қалалық емхана:

Медбикелер (жалпы тәжірибелік)
Байланыс тел: 53-81-60

4.Жедел-жәрдем станциясы

Дәрігер-педиатр:
Дәрігер -терапевт.
Байланыс тел: 55-13-36, 87759565646

5.Қалалық кардиологиялық орталық:

Еден жуушы.
Байланыс тел: 37-13-12, 87020660777

6.№1 қалалық клиникалық ауруханасы:

Медбике
Байланыс тел: 99-75-92, 87752573543

7.№2қалалық емханасы:

Дәрігер (жалпы тәжірибелік)
Байланыс тел: 56-87-37

8.№6 қалалық емханасы:

Дәрігер (жалпы тәжірибелік)
Байланыс тел: 45-21-03

9.№3 қалалық емханасы:

Дәрігер-статистик;
Дәрігер – инфекционист (ересектер және балалар бойынша).
Байланыс тел: 42-30-03, 87056644551

10. №8 қалалық емханасы:

Санитарка (жалпы профильді)
Байланыс тел: 54-04-81, 87027480003

11. Жеке кәсіпкер «Ротелмель Э.Я.»

Медициналық регистратор, call-центр;
Дәрігер (жалпы тәжірибелік).
Тел: 87015964420, 87474346093

12. Медициналық орталық

Медбикелер қажет
Тел: 32-53-49, 87015219481

13. «Экофарм» ЖШС

Технолог, химия
Тел: 39-15-05, 87752354844

Білім саласы бойынша

1. №20 мектеп-гимназиясы

Информатика пәнінің мұғалімі
Байланыс тел: 56-27-66, 87051818860

2. №14 жалпы орта мектебі

Слесарь-сантехник
Тел:55-12-38, 87782948836

3. «Қуанышты бала» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші көмекшісі
Тел: 87786143837, 87786227306

4. №115 жалпы орта мектебі

Бухгалтер
Тел:41-91-11, 87764431333

5. «Дарын орталығы» КММ

-Дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша ғылыми-тәжірибелік орталықтың әдіскері (методист);
-Заңгер;
-Әдіскер (методист);
-Әлеуметтік мәселелер бойынша әдіскер (методист);
-Білім беру мекемесінің, методикалық, фильмотека оқыту-методикалық кабинетінің (орталық) әдіскері (методист);
-Дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша ғылыми-практикалық орталықтың әдіскері (методист);
- Кәсіби бағдарламалар бойынша әдіскер (методист);
- Методист;
- Завуч;
- Бөлім меңгерушісі (ғылыми-техникалық дамыту);
- Секретарь-референт;
- Бас есепші.
Тел: 87786017268

6. №22 негізгі орта мектеп

Бухгалтер
Тел:53-80-61, 87052331818

7. №27 жалпы орта мектебі

Бухгалтер
Тел: 22-69-18, 8702253714

8. А.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі

Тазалаушы (уборщик)
Тел: 43-51-64, 87878764213

9. Педагогикалық университет

Аула сыпырушы (дворник)
Тел: 30-14-59, 87776845905

10. №35 жалпы орта мектеп

Тазалаушы (уборщик)
Тел: 86-11-26

 

Құрылыс саласына

«Лидер-НК» ЖШС

-Кафельщиктер;
-Бетоншылар (бетонщик);
-Сырлаушылар (маляр);
-Сылақшылар (штукатурщиктер);
-Шатыр жабатындар;
-Тас қалаушылар (каменщик).
Тел: 8 775 397 27 46

«СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ОТРЯДЫ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫ» ЖШС

-Кафельщиктер;
-Сырлаушылар (маляр);
-Сылақшылар (штукатурщик);
-Қосалқы жұмысшылар (подсобный рабочий).
Тел: 8 701 734 36 32

«АҚ ОРДАСЫ КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС

-Сылақшылар;
-Ағаш ұсталары;
-Электриктер;
-Сантехниктер;
-Тас қалаушылар (каменщик);
-Қосалқы жұмысшылар (подсобный рабочий);
-Дәнекерлеушілер (сварщик).
Тел: 8 702 664 80 47

«AZALA COTTON» ЖШС

-Жіп иірушілер (прядильщики);
-Тазалаушылар (чистильщики).
Тел: 92-14-23, 8 707 672 92 62

«АГФ ГРУП» ЖШС

-Тігіншілер (швеи)
Тел: 8 707 905 09 04

«НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖШС

-Тоқушылар (ткачи);
-Жіп иірушілер.
Тел: 92-16-16, 8 771 152 11 20

«Лидер Проект Строй» ЖШС

-Прораб;
-Участок бастығы;
-Жұмысшылар.
Тел: 8 702 388 56 34

 

Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығы

 

Қызғалдақты қала

Пятница, 24 Апрель 2020 00:28

3-3-6

Қазір – Шымкентте ең әдемі маусым. Жыл сайын осы кезде мың сан бояумен құлпырған көктем гүлдері отырғызылып, қала ерекше реңге енеді. Көктемнің жаршысындай көз қуантқан қызғалдақтар шаһарымыздың төріне неше түрлі оюмен көмкерілген түкті кілем төсеп тастағандай әсер қалдырады.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны екені айтылады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар болса, соның басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы» саналады. Ал Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы екенін мақтаныш ете аламыз.
Сұлулық символы, әсемдік үлгісі – қызғалдақ пен Шымқала егіз ұғым. Мегаполис осынау нәзік гүлді өзінің логотипі ретінде таңдап алған. Сондықтан ішкі және сыртқы туризмін дамыту барысында негізгі бренд ретінде қолданылып келеді. Былтыр Шымкент қалалық туризм басқармасының бастамасымен тұңғыш рет өткен «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалі тұрғындар санасында әлі күнге жаңғырып тұрғанына күмәніміз жоқ. Ол бір әдемі естелік болып қалары сөзсіз. Сондағы фестивальдің басты мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қызғалдақтың» тарихи отаны Қазақстан екенін, оның Оңтүстік өңірінен шыққанын насихаттау еді. Сол кезде іс-шараға қатысқан 10000-ға жуық қала тұрғыны мен қонақтары кереметтей көрікті қызғалдақтарға қарық болып қалып еді.
–Басқарманың жылдық жоспарына сәйкес аталған фестиваль биыл да «сәуір айының бірінші жартысында өту керек-тін. Алайда, бүкіләлемде орын алып отырған пандемияға байланысты, республика аумағында төтенше жағдай жарияланып, барлық іс-шаралар тоқтатылды. Сондықтан «Қызғалдақ жолы» фестивалі 2021 жылға ауыстырылды, – дейді басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шынтаев.
Көзге де, көңілге де ыстық қызғалдақ «Қызғалдақты қаланың» Дендросаябағының қақ ортасында әдемі мүсінге айналып үлгерді. Былтыр басқарманың тапсырысы бойынша «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» инсталяциясы қойылған болатын.
Композицияның идеясы қазақ дүниетанымымен яғни табиғат пен адамның тұтастығымен тығыз байланысты. Ежелгі аңыздарда, көктем келгенде Жер-ана оянып, барлық тірі жанға Ұлы даланың үздік гүлдерін сыйлайды деп айтылған. Бір шоқ дала қызғалдағын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Сондай-ақ инсталяция адам мен табиғаттың бірлігін, ал әсем гүлдер тарихи тұрғыдан қызғалдақтар алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын меңзейді. Міне, Шымқаланың шуақты күндеріне шомылған әсем қызғалдақтар сәуір айында шаһар шырайын әрлендіріп жіберді. Шымкенттің жаңа логотипі ретінде қызғалдақтың бекер таңдалмағаны, мұның сәтті шешім болғаны анық.
«Қазіргі таңда сол мүсін аумағында «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» тақырыбын кеңінен 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) баяндап, түсіндіріп беретін арнайы QR-тақтайша қойылды.
«Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» инсталяциясы аумағында 2019 жылы бірнеше қызғалдақтың түрінен 2000-ға жуық түп гүл отырғызылып, қазіргі таңда таңғажайып реңге енген гүлдер Дендросаябақ аумағының сәнін кіргізуде», – дейді сала басшысы.
Туризм басқармасы тарапынан жыл сайын шығарылып отырған жарнамалық-ақпараттық материалдарда (бүктемелер, кітапшалар, сувенирлік бұйымдар) қала логотипі міндетті түрде бейнеленсе, қазіргі таңда қызғалдақ гүлінің киізден әзірленген сувенирлік нұсқасы да шығарылыпты.
Аталған танымдық материалдар мен сувенирлік бұйымдар қазақстандық және халықаралық туристік іс-шараларда таныстырылып келеді.

 

Без имени-1

 

Туристік шоқтығы биік

Шымқала тек қызғалдағымен ғана көз тартады деп ойласаңыз, әсте қателесуіңіз мүмкін. Үшінші мегаполистің туристік маңызы өте үлкен: бұл Ташкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін қосатын торап. Инфрақұрылымы дамыған ірі қала.
Шымкент қаласында туризмнің дамуына ықпал ететін факторлар көп. Мәселен, жылына 300 күн жылы ауа-райы, табиғи-климаттық аймақтардың алуан түрлілігі, Ұлы Жібек жолы бағытындағы ірі тарихи қалалардың (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жанында сәтті орналасуы осының дәлелі.
Мегаполис өзінің бәсекеге қабілетті осындай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оңтүстік өңіріндегі туристік орталыққа айналатын сәті де алыс емес. Бұлай деуімізге себеп, қала туристердің ағынын еркін қабылдай алады. Келушілерді туристік өнімдер туралы хабардар етіп, әрі қарай оларға жүру бағыттарын айқындап береді. Яғни, қаланың туристік қызметтер ұсынуға әлеуеті әбден жетеді. Бүгінде Шымкент қаласында ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер бар.
Шымшаһарда 116 қонақ үй, 10 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 18 аквапарк және 6 табиғи су қоймасы орналасқан.
Олжас Маратұлының айтуынша, жыл сайын Шымкент қаласына келетін туристер саны өсуде. Мысалы, 2018 жылы туристер саны 178 000 адамды құраған. 2017 жылмен салыстырғанда өсім 30%, ал 2019 жылы көрсеткіш 249 313 адамды құрап, өсу қарқыны 34,6 пайызға жетті. Оның ішінде:
1) ішкі туризм бойынша туристер саны 178 014 адамды құрайды (өсу қарқыны 40,1%);
2) келу туризмі бойынша туристер саны 33 362 адам (өсу қарқыны 51,2%).
Шымкент қаласының туризм басқармасы қаланың туризмін дамыту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді.
Қаланың 20 туристік көрікті орындарында 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ақпарат беретін QR-тақтайшалар орнатылды және IZI travel халықаралық туристік платформасында 3 тілде 32 нысанның аудиогиді әзірленген.
2GIS мобильдік қосымшасында туристік нысандар мен қалалық бағыттар туралы ақпарат орналастырылған.
Сондай-ақ, «Ескі қалашық» туралы VR, AR бейнеүзіктер әзірлеуге өтінім берілді. Роликтер туристер арасында танымалдылыққа ие болған жағдайда, бұл бағыттағы жұмыстар басқа нысандар бойынша да жүргізілмек.
Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма тарапынан «Шымкент қаласында 24 сағат», «Тарих ізімен», «Шымкент балаларға» тақырыптарында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карта, «Шымкент қаласындағы үлкен экскурсия» атты 350 кітап шығарылды. Бұл материалдар қаланың туристік индустрия объектілерінде (қонақ үйлер, СОО, әуежай) орналастырылған және басқармамен жаңартылып отырады.
Келесі жылы бірнеше бағыт бойынша «Шымкент және Түркістан облысының киелі нысандары», «Туристік бағыттар», «Қала оқиғалары» т. б. жарнамалық материалдар шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар, қасиетті нысандардың 3D карталары мен фотокітаптар шығару күн тәртібінде тұр.
Қала тұрғындары мен қонақтарын өңірдің туристік нысандарымен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде Visit_shymkent_kz ресми туристік парақшасы іске қосылды. Әлеуметтік желіде 7 000-нан астам оқырманы бар және қаланың туристік көрікті жерлері, тарихи орындары мен қалада өткізілетін мерекелік іс-шаралар туралы үнемі хабардар етіліп тұрады.
Біз мұның бәрін Шымкенттің шоқтықты туристік аумаққа айналып келе жатқанын көрсету үшін тізбектедік. Атқарылар жұмыстар әлі алда. Биыл әлемді әбігерге салған пандемия болмағанда, «ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы» ретінде шырайлы шаһарымызда дүбірлі той өтіп, алыс-жақын шетелдерден туристер келіп, ұлан-асыр мерекелерді тойлап жатқан болар едік. Барлық игіліктер алдағы күннің еншісіне қалдырылып отыр. Қайырлысы сол болғай!..

 


Мөлдір МАМЫРБАЙҚЫЗЫ

123

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғалымдары санитайзер яғни антисептик спрейін жасап шығарды. Бұл университет жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасында қолға алынып отырған іс.

Ғалымдардың айтуынша, антисептик бактерияларға, микробтарға және вирустарға қарсы әсер етуші сипатқа ие. Ең бастысы теріні тітіркендірмейді. Қайта тері жарақаттарының жазылуына септігін тигізеді.
– Өзіміздің оқу-зертханалық базамызда дайындалған антисептиктер университет жатақханаларында жатып, онлайн білім алушы студенттерге, университеттің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін таратылып берілді. Сонымен қатар қайырымдылық шаралар жасау мақсатында қаладағы балалар үйіне де тарату ойымызда бар. Университет ғалымдары дайындаған антисептиктің құрамы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолға арналған антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелер негізінде дайындалған, – дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Ұлан Сүлейменов.

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 

22 .04. 2020ж.                                                                                      №12

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №34-ПГВр қаулысына, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің2020 жылғы 20 сәуірдегі №23-02-03/513 хатына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1.Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 9 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) № 1 косымшасы келесі тармақпен толықтырылсын: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйымның әділет органдарында тіркелген жағдайда)»;

2) № 2 қосымшаның 2.19. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәлікті (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде және олардың көліктері»;

3) № 3 қосымшасы келесі тармақпен толықтырылсын: «21. «Казтелерадио» АҚ»;

2. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

3. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А. Тулебаев

Страница 7 из 379