93167763 2966913600023559 650339219201327104 n 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да шынайы қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр.

Бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада залалсыздандыру жұмысына қатысады. Оған қоса санитарлық бұғаттау бекеттеріне көмекке барады.
Қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков іске кіріскен 100-ге жуық азаматқа сәттілік тіледі.
– Сарбаздар қаладағы 4 ауданға 25-тен бөлінді. Олар залалсыздандыру жұмыстарына көмектеседі әрі әскерилерді тасымалдау мен тамақ мәселесі де шешілген, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алмасбек Кеңесбекұлы.
Төтенше жағдай кезінде қала бойынша әзірге 100-ге жуық азамат қабылданған. Қиын-қыстау кезде Мемлекет басшысының үндеуіне құлақ асқан жастар залалсыздандыру мен басқа да жұмыстар атқарады. Бұл жолы 35 жасқа дейінгі азаматтар тіркеуге алынған.
Шымкент қалалық әскери комиссариятында арнайы медициналық комиссия жасақталып, үміткерлерді сараптамадан өткізген. Сынақтан өткен запастағы сарбаздар төтенше жағдай уақытында әскер қатарында болады. Айта кететін мәселе, жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады.
Еріктілер бұндай қадамға пайда үшін емес, Отан үшін барғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын.

Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналды қызметтердің тарифтері төмендеді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Шымкент қаласында коммуналды қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері төтенше жағдай кезеңінде қала тұрғындарының қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында және қоғамдық келісімнің тұрақтылығының маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өз бастамасымен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

1) «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС:
- сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді;
- су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

2) «Қуатжылуорталық-3» МКК:
- ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға төмендетілді;
- есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10%-ға;

3) «Таскудык Бак» ЖШС:
- тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден 67,44 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

4) «Женис Т» ЖШС:
- тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

5) «Сайрам су» ЖШС:
- сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді.

 

vlcsnap-2018-02-22-10h02m30s156

Бүкіл әлем әбігер болып, дүние дүрлігіп жатыр. Құдай қаласа бұл дерттен де құтылармыз. Ол үшін әрине темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік, мұнтаздай тазалық керек.

Өркениетті әлем коронавирусқа қарсы күресіп жатыр ғой. Біздің көркем ниетті қазақ та күресіп жатыр. Мемлекет қамқорлығын жасап жатыр. Абай айтқан қанағат, рахым, талап, еңбек, терең ой керек. Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтан аулақ болуымыз керек.
Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы жүріп жатыр бүкіл байтағымызда. «Абай жолын» бүкіл ел оқуы керек. Әл-Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» деген Әнуар Әлімжановтың романын оқуымыз керек. «Үйден шықпа» деп жатырмыз ғой. Мінекей, сол үйде отырып, отбасы болып тіпті романдарға ықыласымыз болмаса, әулие жанр әңгіме бар, соны оқиық. Қазақ әңгімесі керемет биіктерге көтерілді. Шын ықылас қойған адам Шерханның, Әбіштің, Сайынның, Оралханның, Дулаттың бір әңгімесін 10-15 минутта оқып шығады. Бүкіл отбасы болып, солардың әңгімесін 10 минут оқып, 15 минут талқылап отырсақ, оның өзі өнеге, үлгі.
Бүкіл ұрпақ көркем әдебиетке бетбұрыс жасауы керек. Кітап оқымаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт екені айқын. Сондықтан мына жағдайды пайдаланып, Абайды, әл-Фарабиді, классиканы, ақын-жазушыларды, көркем әдебиетті оқуға шынайы бетбұрыс жасайық. Сонда ғана біз дерттерді, жамандықтарды жоямыз. Алла тағала сол жеңуге, жақсылыққа жазсын!

Без имени-1

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам шәкірт толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған.

Мәселен, оқушылардың 96,7 пайызы компьютер, смартфон, планшет сынды электронды құрылғымен қамтылған болса, қалған 3,3 пайызы яғни, 7 424 оқушы телеарна арқылы білім алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, компьютерді қажет ететін балаларға мектептердегі 10 192 компьютер уақытша берілген.
Шымкент қаласының оқушылары «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» сынды интернет платформаларда білім алу бойынша республикада І орында болса, ұстаздары ІІ орында. Сонымен қатар, балалар «zoom», «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы да дәріс алуда. Барлық мұғалімдер оқушылармен «WhatsApp» арқылы кері байланысқа шыға алды.
Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан құрылған Call-орталыққа бүгінгі күнге дейін 422 сұрақ келіп түскен болса, оның басым көпшілігі қашықтан білім алу туралы болған. Білім басқармасы келіп түскен сауалдарды талдай отырып, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында тиісті шараларды атқаруда.

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Вторник, 14 Апрель 2020 06:16

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті.

 Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

Бас маманы Б.Қасымов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның негізгі ұғымдары, Заңның қолданылу аясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының негізгі принциптері және жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәліметтерді құқықтық статистика және ақпарат органдарына жіберу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен, құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық, мемлекеттік міндеттерді атқарумен сыйыспайтын қызмет, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою туралы болды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы,  азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық  бұзушылықтың  алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік  органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды адамдардың тиімді қызметін  қамтамасыз етуге  бағытталған.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға не осындай міндеттерді  атқаруға уәкілдік берілген органдар мен ұйымдарда мемлекеттік лауазым атқаруға  үміткер адамдар өздерінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерді пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгіленген шектеулерді қабылдайды. Аталған адамдардың шектеулерді қабылдауға келісімі жазбаша түрде, тиісті ұйымдардың кадр қызметі белгілейді. Шектеулерді қабылдамау ол  адамды мемлекеттік не соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға, немесе заңдарда көзделген тәртіппен аталған міндеттерді атқарудан өзгедей босатуға  әкеп соғады.

 

 

Еңбекші ауданы  бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасы бас маманы

П.Серикбаева

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілген еді. 

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегиямен  белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:

● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;

● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;

● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

●  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.   

 

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

        

 

Еңбекші ауданы

бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы

Б.Жүніс 

Мердігер мекемелер жол төсеу кезінде олқылықтар жіберсе, тапсырыс беруші жұмысты қабылдамайды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы тарапынан жүргізілген рейд барысында айтылды.

zhol 1

«Сапалы жол» жобасы аясында қаладағы А2 көшесі мен Темірлан тасжолы жол айрығындағы жол құрылысы тексерілді. Рейд барысында жол құрылысының талаптары қадағаланып, сапасы тексерілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға офицері С.Әсілбектің айтуынша, қаладағы барлық салынып жатқан жолдар тексеріледі. Олқылықтар шықса, тапсырыс берушіге хат жолданып, кемшіліктер жойылмағанша қабылдауға алынбайды.

zhol 3

Жол сапасы жылжымалы зертханада тексеріледі. Асфалты арнайы аппаратпен ойылып, оның құрамы мен стандарты сараланады. Сонымен қатар жолдың ені де назардан тыс қалмайды.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі жол құрылысындағы қателіктерге 800-ден астам ескертпе жасалған. Бұл жолы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге тағы тексеруге шықтық. Нәтижесін қосымша хабарлайтын боламыз» - деді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының инспекторы Қ.Шакиров.

zhol 2

Айта кетейік, жыл басынан жүргізілген 2 рейд барысында 27 бұзушылық анықталып, кемшіліктерді қалыпқа келтіру үшін тиісті мердігер мекемелерге ескерту жасалды, сапасыз салынған жолдардың құрылысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Страница 10 из 379