Мемлекеттік кірістер Комитеті жыл сайын «Чекті талап ет те - жүлде ұтып ал!» атты жалпыреспубликалық акциясын өткізеді.

«Wipon» мобильді қосымшасы арқылы Акцияға онлайн-БКМ фискальды чекті жөнелтіп жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 01 желтоқсанына дейін өткізіледі.

       БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет» Акциясы жүргізіледі.

Құрметті қала тұрғындары!!! Тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына және мемлекетіміздің әл-ауқатының артуына алып келеді.

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

AAA 0177 копия

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберістегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты.

Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың сәуір айында басталған күрделі жөндеу ісіне қазынадан 2 млрд 400 млн теңге қарастырылған. Шымкент қаласының Оңтүстік қақпасы саналатын даңғыл бойында жүріп жатқан бұл шаруалар «Береке» корпорациясына жүктеліпті. Қала әкімі Мұрат
Дүйсенбекұлы мердігер компанияға атқарылатын істің сапасына аса назар аударуды тапсырды.
– Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, екінші жағына лоток орнатылуда. Құбыр қойған себебіміз, оның үстіне веложол салынады. Сол себепті, асфальтті жаңбыр суы көбіне лотокқа қарай құйылатын етіп төсейміз. Жауын-шашын кезінде су сол арнаға құйылады да, жолды су басу қаупі болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ,– дейді қала әкімі.
Айта кетейік, Республика даңғылының екі бағытында да 4 жолақты жол қарастырылған. Ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын көпір мен даңғылдың күрделі жөндеу жұмыстарына бүгінде 150 жұмысшы жұмылдырылған. Бұл шаруаны 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

су койма фото

Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қала әкіміне Шымкенттегі су қоймаларының жағдайы жайлы баяндады.
Мәселен, 1983 жылы салынған «Текесу» су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текше метр. Бүгінде онда жиналған су мөлшері 50 пайыз ғана. Ал, Абай ауданы аумағында орналасқан «Ақжар» су қоймасы 723 млн текше метр суды ұстап тұруға қауқарлы. Су қоймасы күні бүгінге дейін 68 пайызға толыпты.
Мұнан бөлек, Елтай елдімекені маңында орналасқан «Бадам» су қоймасының сыйымдылық мөлшері 61,5 млн текше метр. Қазір онда толған су 90 пайыздан асқан. Жағдай мамандардың тұрақты бақылауында. «Тоғыс» су қоймасы толса, 4,6 млн текше метр су жинай алады. Қаладағы Тоғыс тұрғын алабында орналасқан су қоймасына дәл қазіргі таңда 19 пайыз ғана су келген.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз
қызметі

брифинг фото

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова қатысты.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда байқалады. Бұл ретте «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өткізіліп, нәтижесінде 137 жағдай анықталды. Зауыт аумағында қызметкерлерге медициналық қызметті «Медикер» ЖШС көрсетеді.
2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша
Шымкент қаласында 60 жаңа зертханалық расталған СOVID - 19 жағдайы анықталды. Ал бүгінгі күнге дейін қалада коронавирустық инфекцияның 404 жағдайы тіркелді (COVID-19).
Ербол Әбілхайырұлының мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы скринингтік тексеру жұмыстары қоғамдық көлік қызметі өкілдері арасында да жүргізіледі.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 науқас коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай.
Сондай-ақ, қауіп тобындағы контингентке жоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады. Бүгінде 16 552 адамнан тұратын тестілеуге арналған контингент анықталды.
Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ішінен 2 028 адам (49,1%) тестіленді, ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған адамдардан 3046 адам (55,2%), медициналық қызметкерлер мен COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер 1 547 адам (22,4%) тестіленді. Тестілеуге жататын контингентті қамту - 40%.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.

дагдарыс фото

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шағын және орта бизнес субъектілерін дағдарыс жағдайында қолдау мәселелері бойынша жиын өтті.

Мәжіліске аудан әкімдері, тиісті салалық басқармалар мен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Shymkent» ӘКК қатысты.
Онда төтенше жағдай кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жобасын қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков таныстырды.
– Жобаның мақсаты – дағдарыс нәтижесінде неғұрлым зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін анықтап, аталған кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіру және жаңа кәсіпорындар құру үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несиелер беру. Кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру. Жұмыс орындарын сақтау және құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау. Микроқаржы ұйымы мен «Бизнес үшін үкімет» орталығын құру және кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Дағдарыстан өту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық қамту сынды қолдау шаралары қарастырылған, – деді басқарма басшысы.
Елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі мен Шымкент қаласында енгізілген карантиннің нәтижесінде қиын жағдайға түскен кәсіпкерлерді қолдауға арналған дағдарысқа қарсы шараларды қолдайтынын айтқан қала басшысы аталған шаралар жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет деді.
Жобада әзірленген тиісті жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
– Шымкент қаласында заңға сәйкес Әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен Микроқаржы ұйымы құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастыруға тиісті қаражат бөлінуі керек. Сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлерді өңірлік бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемесі төмен несиемен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлу қарастырылуы қажет. Сондай-ақ, дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындарды және жаңа кәсіпорындарды ашуға бағытталған жобаларды 4% пайыздан аспайтын несиемен қаржылай қолдау көрсетілсін. Жаңа Өңірлік бағдарламасының жобасы, ережесі, шарттары әзірленіп кәсіпкерлерге ұсынылсын, – деді М.Әйтенов.
Айта кетейік, кәсіпкерлікті қолдау шаралары шеңберінде 725 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсыну арқылы 3760 жұмыс орын сақталып, 940 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Ал жұмыспен қамту бағдарламарын жүзеге асыру нәтижесінде 15 233 адам жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру бойынша 3176 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болады.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз
қызметі

WhatsApp Image 2020-05-19 at 11.59.52

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.
Бұл жолы дәстүрлі түрдегі кездесу онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы – «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп аталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орны және 30 колледждің 1-курс студенттері мен үшінші мегаполистегі 147 мектептің 9-11 сынып оқушылары қамтылды.
Екі тілде Агенттіктің Youtube-арнасы мен Департаменттің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында өткен бейне-дәрісте «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері мен студенттер, оқушылар өз пікірлерін білдірді.

 

WhatsApp Image 2020-05-19 at 12.00.08WhatsApp Image 2020-05-19 at 12.00.26


«Бүгінгі республикалық «Адалдық сағаты» біздің білім алушылар үшін үлкен ой салып, рухани құндылықтарын еселей түсті деп айта аламыз. Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайға деген құрмет, әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Шын мәнінде, ақынның артында қалған еңбектері мен өмір жолына қарап «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп толық айтуға негіз бар. Ол мұраны қазіргі ұрпақ өмір сүрудің негізгі қағидасына алу қажет» - дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәкен Мәжінбеков.
«Бейнеролик өте сапалы түсірілген және түсінікті тілмен жеткізілген. Өзіме қатты ұнады. Еліміздің болашағы ретінде біздер адалдықты, парасаттылықты насихаттап, осы құныдылықтарды өз бойымызға сіңіру қажетпіз» - дейді қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлеби Байтасов.
Адалдық сағатына қатысты өз ойын білдірген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, Ұлы Абай әр қазақты парасаттылыққа, адалдыққа, патриоттылыққа шақырғанын жеткізіп, жастарымызға әрқашан ақын еңбегін насихаттап отыруға шақырды.


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ

ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

аула

Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үйдің аулалары да бар.

Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі – отандық. Ең бастысы сапаға мән беріліп отыр.
Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында жыл соңына дейін тағы 300 ауланы жөндеу жоспарланған. Ал, 2021 жылы 319 аула қайта жаңғыртылмақ. Бұған қоса спорт алаңдарын түгелімен жаңарту жоспарда бар.
Атап айтар болсақ, биыл Абай ауданында 107 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Әл-Фараби ауданында 83 ойын алаңы мен 18 спорт алаңшасын құру межеленген. Ал, келер жылы 109 ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасы құрылмақ.
Еңбекші ауданында 83 аула абаттандырылған, 6 ашық спорт алаңшасы құрылмақ. Келер жылға жылы 9 ашық спорт алаңшасын құру жоспарланған.
Ал биыл Қаратау ауданында 57 аула абаттандырылып, 20 ашық спорт алаңы құрылды. Жыл соңына дейін тағы 8 аула пайдалануға беріліп, 10 ашық спорт алаңшасын салу жоспарда бар. 2021 жылы осы ауданда 58 аула қайта жаңғыртылмақ.

брифинг тургын уй

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы «2-10-20» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды.

Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Биыл «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты артып отыр.
Енді «2-10-20» бағдарламасына тұрғын үйге мұқтаждар есебінде келесі санаттар бойынша тұрған азаматтар қатыса алады:
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған жанұялар болуы тиіс.

Ал, несие сомасының 10 пайызы көлеміндегі алғашқы жарна төленген жағдайда жылына 2% мөлшерлемемен несие беріледі. Мерзімі – 20 жылға дейін. Үйді мерзімінен бұрын сатып алу кезеңінде ең жоғарғы қарыз сомасы - 15 млн теңге.
Бағдарламаға қатысу үшін, ҚР азаматы болуы шарт және отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына кіретін табыс көзі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын болуы керек. Неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі және төлем қабілеттілігін растауы мен жергілікті атқарушы органның көзделген санаттағы қатысушылар бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесін растауы шарт.

Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік (отбасы мүшелерін куәландыратын құжаттарының көшірмелері);
2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
3) неке туралы немесе некенің бұзылғандығын растайтын куәлік;
4) төлем қабілеттілігін растау үшін жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлер бойынша кредит беру лимиттерін кезектегілердің саны мен қарыздың ең жоғары сомасының мөлшеріне қарай бөлуді көздейді. Сондықтан да Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы кезекте тұрғандардың мәртебесін тексеру арқылы Бағдарламаға қатысушыларға жеке тізімдерге сәйкес кезектілік тәртібімен және уәкілетті орган белгілеген лимиттер шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ұсыну үшін жолдама жібереді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қатысушыларға қатысты қарыздарды ресімдегені үшін комиссия алмайды.
Қосымша сауалдар туындаса, call-орталығынан кеңес алуға болады, телефоны – 39-23-68. Өтінімдер электронды түрде «Shymkent-baspana.kz» сайтында қабылданады.

Страница 2 из 379