Редакция таңдауы

Шымкент қаласы білім басқармасы «Заң мен тәртіп» тақырыбында адалдық сағатын өткізді

Жуырда  барлық білім беру мекемелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасыменөскелең ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатындабірыңға  «Заң және тәртіп»тақырыбында  адалдық  сағаттары өткізілді.

А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп — гимназиясына және Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беру мектебінде өткенадалдық сағатына

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы  — Бекасанов Жандос Беркімбайұлы;

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы — Ержаппар Берген Ержаппарұлы;

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты — Анарбаев Қайрат Сапарханұлы;

М.Әуезов атындағы ОҚУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер — Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы қатысты.Спикерлер  оқушылармен Қазақстан Республикасы ПрезидентіҚ.К. Тоқаевтың ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,адалдық, парасаттылық ұғымын насихаттау, жекетұлғаның парақорлықтанбастартуы және қоғамдағы құқықбұзушылықтарға төзбеушілікбойынша  пікір  алмасып ақпараттық  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізуде.Қалған білім беру мекемелері  құқыққорғау органдарының қызметкерлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар мен қоғам белсенділерін шақырып ақпараттық  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді.

Бірыңғай   адалдық  сағаты 143  білім  беру мекемелерінде өткізіліп121 248оқушы қамтылды.

Игибаева Алма,
Шымкент қаласы білім басқармасының
әдістемелік орталығының әдіскері.

 

 

Соңғы жаңалықтар