Редакция таңдауы

ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ

Италияның Турин қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары өтуде. Аталған дүбірлі додаға 10 спорт түрінен 103 отандасымыз аттанған еді. Сәтін салып, ел спортшылары 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдені қоржынға салды. Әзірге, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік ондықтың ішінде келеді.

13-23 қаңтар аралығына жоспарланған бәсеке мәресіне таяды. Еліміздің командасынан алғаш болып фристайл-могулдан Анастасия Городко алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда 79.79 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді. Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды. Сондай-ақ, германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальді қанағат тұтты.
Жеңіс жеңіске ұласып, Анастасия Городко ел қоржынына Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады. Параллель могулда финалға қазақстандық спортшылар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова шықты. Шешуші сайыста Городко жеңіске жетті. Ол бұған дейін могул сайысында да алтын медаль иеленген еді.
А.Әмренова күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, ерлер арасындағы параллель могулда Антон Бондарев күміс медаль иеленді.
Ал биатлоншы Никита Акимов Универсиаданың алтын медалін иеленіп, жеңісті еселей түсті. Ол ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте үздік атанды.
Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге, 3 алтын,
4 күміс, 4 қола жүлде бар.
Еліміздің құрамасы сапында Шымкент қаласынан шорт-тректен Айбек Темірхан бақ сынады. Айта кетсек,
32-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары бүгін мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар