Редакция таңдауы

Айбек Темірхан – қола жүлдегер

Италияның Турин қаласында өткен XXXII қысқы Универсиадада шорт-тректен еліміздің ерлер құрамасы 5 000 метрлік эстафетада қола жүлдені жеңіп алды. 

Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Айбек Темірхан да өнер көрсетті.Сонымен қатар жеңіске үлес қосқан спортшылардың қатарында Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Санжар Жанысов, Валерий Клименко және Әлішер Абулкатимов бар.
Шымкенттік Айбек Темірхан бұған дейін шорт-тректен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, сондай-ақ Италияның Бромо қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанған.

Соңғы жаңалықтар