Редакция таңдауы

Биыл шымкентте 263 көше жөндеуден өтеді

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қаладағы жолдардың сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Басқарма мамандары 2024 жылғы атқарылған жұмыстары, 2025 жылға жоспары және 2023-2024 жылдары кездесулерде көтерілген халық мәселелерін шешу туралы айтып берген болатын.

Басқарманың деректеріне сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 899,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальтбетонды жабындысы бар жолдар – 2 924,6 шақырым, шағал тас төселген жолдар – 567,4 шақырым, ал, топырақ жолдар – 407,5 шақырымды құрайды.
Өткен 2024 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесі 75 пайызға жеткізілді. 2024 жылы жалпы қала аумағындағы көшелер желісінде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және күтіп ұстауға бюджеттен 60,9 млрд. теңге бөлініп, 365,8 шақырымдық 501 көше мен 1 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңында жалпы ұзындығы 269,5 шақырымдық 424 көше мен 1 көпір пайдалануға берілді. Соның ішінде 59,5 шақырымдық 20 көшеде құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 23,1 шақырымдық 6 көшеде жұмыстар аяқталған. Осы мақсатқа бюджеттен 16,9 млрд. теңге бөлінген.
Биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесін 79 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін жолдағы құрылыс-жөндеу жұмыстары мен көшелерді күтіп ұстауға бюджеттен 57,5 млрд. тг бөлінді. Осы қаржының есебінен жалпы ұзындығы 222 шақырымдық 271 көшеде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін 197 шақырымдық 263 көшені пайдалануға беру
жоспарланған.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар