Редакция таңдауы

Жастар «есірткісіз болашақ» акциясына қатысты

Шымкентте есірткіге қарсы күрес мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты акция өтті. Іс шараны Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – есірткі жарнамаларын жою, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық қозғалысты қолдау.

Шара барысында Сәуле шағынауданындағы 250-ге жуық есірткі жарнамасы өшірілді. Бұл әрекет есірткіге қарсы күрестегі нақты қадам болды. Қатысушылардың арасында «Ақжол» партиясының белсенділері, спортшылар мен «Есірткісіз болашақ» жұмыс тобының мүшелері болды. Жиынға қатысушылар қоғамда белсенді ұстанымның маңызын атап өтті.
– Есірткі жарнамаларының жойылуы жастарды қауіптен сақтаудың маңызды әдісі. Заңсыз жарнамалар жастарды еліктіруі мүмкін, ал мұндай акциялар олардың санасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. Белгілі спортшылардың қатысуы жастарға салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын көрсетті,-дейді Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары
Аружан Әлжан.
Бұл шара есірткі мәселесіне қоғамның бей-жай қарамайтынын дәлелдеді. Әрбір тұрғынның жауапкершілігі ғана емес, белсенділігі де қажет. «Есірткісіз болашақ» акциясы жастардың санасына оң әсер қалдырып, есірткіден аулақ болуға шақыруда. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы арқылы ғана біз болашақты қорғауға үлес қоса аламыз.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Соңғы жаңалықтар