Редакция таңдауы

«Байтақ» партиясының төрағасы ардагерлермен кездесті

Шымкент қаласында Байтақ жасылдар партиясының төрағасы Амангелді Амиртаев ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті. Кездесуде партияның мақсаттары мен алдағы жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласында атқарылған бірқатар жұмыс жайында айтылды.

«Байтақ» жасылдар партиясы 2020 жылы құрылып, экология мәселелеріне назар аударып келеді. Табиғатты қорғау мен жасыл экономиканы дамытуға бағытталған идеологиясын халық арасында дәріптеп келеді. Партияның жұмысында экологиялық таза технологиялар, энергия үнемдеу және қалдықтарды қайта өңдеу сияқты тақырыптар маңызды орын алады. Қазіргі таңда Шымкент қаласында Байтақ партиясының 5 мыңға жуық мүшесі бар. Олар алдағы уақытта қаланың дамуы мен тазалығына баса назар аударамыз деп отыр.
Кездесу барысында ардагерлер партия мүшелеріне түрлі сұрақтар қойып, төраға оларға жауап берді. Көпшілік экология, әлеуметтік мәселелер және қаланың дамуы жайында пікір алмасты. Кездесу соңында ардагерлер партияға сәттілік тілеп, бата берді.
Бұл шара — партияның аймақтармен байланысын нығайту және ардагерлермен ашық диалог орнатуға бағытталған қадам. Байтақ жасылдар партиясы өз жұмысын жалғастырып, басқа да қалаларда экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге ұмтылмақ.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар