Редакция таңдауы

Білім беру ұйымдарында бірыңғай адалдық сағаты өтті

Жуырда барлық білім беру мекемелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен өскелең ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында бірыңғай адалдық сағаттары өткізілді.

А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясына және Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беру мектебінде өткен адалдық сағатына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жандос Беркімбайұлы Бекасанов, AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Берген Ержаппар, Өзбекәлі
Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Сәкен Мәжінбеков қатысты.
Спикерлер оқушылармен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық ұғымын насихаттау, жеке тұлғаның парақорлықтан бас тартуы және қоғамдағы құқық бұзушылықтарға төзбеушілік бойынша пікір алмасып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қаладағы өзге де білім беру мекемелері құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар мен қоғам белсенділерін шақырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, бірыңғай адалдық сағаты 143 білім беру мекемесінде өтіп, оған 121 248 оқушы қатысты.

Алма ИГІБАЕВА,
Шымкент қаласы білім басқармасының
әдістемелік орталығының әдіскері

Соңғы жаңалықтар