Редакция таңдауы

Ұлттық өлшемдер ұмытылмасын

Бағзы замандағы есеп-қисапты қолында гаджеті бар жастардың көбі біле бермейді. Шымкент қалалық білім басқармасы ұйымдастырған жиында республиканың үздік 3 математик маманы оқушылармен кездесіп, цифр әлемінің тарихына үңілді.

«Халық институты» ұлттық ғылыми жобасы аясында «Цифр тарихы немесе он саусақтың есептегі рөлі» тақырыбында лекция оқыды.

– Бұрынғы заманда санақ жүргізу үшін 10 саусақ әдісін қолданған. Бұл әдіс егіншілік пен мал шаруашылығында кеңінен пайдаланылды. Қазақтың тарихында бұл санақ ерекше орын алады. Ал, ұзындықты қарыстап, құлаштап, қадымдап өлшеп, ұзақ арақашықтықты шақырыммен есептеген. Бастапқы кезде саусақпен санау өте оңай деп қараған. Себебі саусақпен санақ дәлдікті көрсетеді. 10 саусақтың рөлі сол заманда шыққан. Үндістанда пайда болған 0 деген концепсияның шығуына байланысты санау жүйесі дамып келеді. Математика содан бері даму үстінде,-дейді №149 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Ұлбосын Талипова.

Есеп-қисап тарихын тереңнен түсіндірген мұғалімдердің лекциясы шәкірттердің ынтасын оятты. Әр баяндама тартысты сұрақ-жауаппен түйінделіп отырды. Мамандар ерте замандағы есептеу мен қазіргі заман технологиясын байланыстыра отырып, жастарға тың деректерді бөлісті.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Соңғы жаңалықтар