Мемлекеттік қызметшілердің өзін ұстаудың сыртқы түрлерін реттейтін мінез-құлықтың қалыптасқан ережелері мен тәртіптері бар. Этиканы екіге бөліп қарастыруға болады – жалпыхалықтық (әмбебап) және қызметтік этика. Қызметтік этика іс-әрекеттің әр түрлі түріне тән тараптар, нормалар, стандарттарды жүйелейді. Осы себепті қызметтік этиканы тәртіптік кодекс деп қарағанымыз жөн.
Қызметкерлерге қызмет бабында керекті ресурстарды (материалдық қаржылық) бөлген кезде әділ бөлу және де қай кезде кіммен жіберілген этикалық қателіктерді міндетті түрде түзетуге талап қою. Қызметкерлер өзінің қызметтік әрекеті арқылы этикалық тәртіпті, нормаларды бұзбауы керек. Қызметтік мәселелерді шешу кезінде өзінің пікірін айтуға қорықпау қажет. Сонымен қатар, басқа мекемелерде қалыптасқан ережелерге, дәстүрлерге түсіністікпен қарау этикалық нормасы жатыр. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік қызметкерге сенім арта білу. Мысалы, қызметкердің жауапкершілігіне, құзыретіне сенім арту. Жалпы, азаматтық және арнайы қасиеттерге тоқталу арқылы мемлекеттік қызметшінің этикалық бейнесін шығаруға болады. Оның менмендік танытуы, көреалмаушылық, тапқан табысымен мақтануы этикаға қайшы. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға және де түсінуге қарсы иммунитет қалыптастыруы керек.
Мемлекеттік қызметшінің ақиқатқа жақ, шыншыл болуы – айқын әрекет. Бір мекеменің қызметкері басқа мекемелерде қалыптасқан ережелерге, дәстүрлерге түсіністікпен қарау ережесі жатыр. Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшіге адамдармен қарым-қатынаста неғұрлым тез әрі тиімді жұмыс істеп, тіл табысуға олардың істері мен саналарын тез түсінуге мүмкіндік береді. Өз арымен келісімге келген мемлекеттік қызметшінің мейлі, ол заң бұзушыны қорғаса да, кінәлі адамдарға тым жұмсақтықпен қараса да, өз қызметінен қандай да бір пайда табуды көздеп отырса да, өз әрекетсіздігіне кешіріммен қараса да, бұл оның жеке басының әлсіздігі емес. Бұл қызмет істеп жүрген мекемеге нұқсан келтіру. Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағы өзге нормалармен оның қайырымдылығы, сезімталдығы мен көмекке дайын тұрар қасиетімен тығыз байланысты. Мұндай этикалық нормаларды қолдану мемлекеттік қызметшіге күн сайынғы жұмыс барысында кездесіп отырады. Мемлекеттік қызметшіге өзге де мамандық иелеріне қарағанда тәккаппарлық тіпті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендіктен олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орынын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді. Бедел маңыздылығы мемлекеттік қызметшінің басқару объектісіне әсерінен, оған берілген ойы, сезімі, моральдық құндылықтары арқылы көрінеді.
М.АКИШЕВ,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі