Редакция таңдауы

Шымкенттегі озық технология

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не Ташкент су арнасының өкілдері келді. Өзбекстандық әріптестердің сапарының басты мақсаты – кәріз-тазарту құрылыстарында ағынды суды тазарту кезінде биотехнологиялардың қолданылуын зерттеу. Шымкент кәсіпорны ТМД-да бірінші болып «Айдро процесі» – жағымсыз иіс пен артық тұнбалардан арылуға болатын бірегей технологияны қолдануды көздеді.

Ташкентте екі миллион алты жүз мыңнан астам адам тұрады. Өзбекстан астанасында ағынды суды тазарту үшін үш тазарту қондырғы жұмыс істейді. Олардың жиынтық қуаты тәулігіне миллион текше метр ағынды суды өңдеуге жетеді. Үлкен көлем, жағымсыз иісті және қоқысқа тасталатын шламның көп мөлшердегі қалдығын білдіреді. Бұл экологияға ауыртпалық түсіреді, қосымша жер ресурстарын, үлкен энергетикалық және қаржылық шығындарды талап етеді. Дегенмен, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС осы мәселелерді шешудің жолын тапты, бұл – «Айдро процесі»! Өзбекстаннан келген әріптестер Шымкент кәсіпорнының бірегей тәжірибесін алғысы келеді.

«Өнім құбыр арқылы өтіп жатқанда, ол микроорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде коллектордағы ластаушы заттарды тотықтыра бастайды. Бізге, тазарту қондырғыларына, осы процестердің нәтижесінде тотыққан су келеді. Ішінде болған шөгінді мүлдем жоқ болады. «Айдро процесін» қолдану нәтижесінде біз түзілетін тұнба көлемін тәулігіне 2000 текшеден 110-ға дейін қысқарттық», — деді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің менеджері Ирина Казаринова қонақтарға баяндау барысында.

Қалған тұнбаны да пайдалы етуүшін жұмыс істеліп жатыр. Алдымен ол флокулянт және әктің көмегімен дезинфекцияланып, ылғалды кетіріп және пресс арқылы өткізіліп, қажетті қалпына жеткен кезде механикалық сусыздандыру цехына жіберіледі.Осыдан кейін, алынған массаны тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Кептірілген шөгіндідегі кальцийдің көп мөлшері тұзды жерлерде пайдалы болады. Ташкент су арнасының өкілдері бұл процестердің бәріне қызығушылық танытты.

«Артық шламды жою біз үшін өзекті проблема. Сондықтан біз «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бұл мәселені қалай шешкенін білгіміз келді. Барлық процесті өз көзімізбен көріп, қолданылатын технологиялардың нәтижелі екеніне көз жеткіздік. Екінші мәселе, сіздердің электр энергиясын пайдалану-биогазды қолдану бойынша тәжірибелеріңіз ерекше әсер етті. Осы жерде алған барлық ақпарат біздің әрі қарайғы жұмысымыз үшін пайдалы болмақ», — деді «Бос су» тазарту құрылыстары кешенінің технологы Сапарбек Бағышбеков.

Өзбекстан сумен жабдықтау және су бұру саласының өкілдері – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің құрметті қонақтары. Әріптестер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары ұсынатын құнды тәжірибені қабылдаудан тартынбайды, жиі байланыс орнатып тұрады. Олар бұл сапардағы жаңа білім Ташкент облысында ағынды суды тазарту мақсат ында қолға алынатын ауқымды құрылыс кезінді пайдалы болатынын тілге тиек етті.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар