Редакция таңдауы

«Прокуратура органдары азаматтардың арыз-шағымдары бойынша дереу және объективті түрде шара қолданады»

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы азаматтардың арыз-шағымдарына ерекше назар аударып, жан-жақты толыққанды қарап, әрбір уәжді заң шеңберінде тексеріп, прокурорлық ден қою шараларын қабылдауда.

Мәселен, кәмелет жасына толмаған «Ш» есімді азаматтың шағымын қарау барысында, полиция қызметкерлері оның денсаулығына қасақана орта зиян келтірген фактісін жасырғандығын анықтады.

Осыған орай аудан прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркеп, сотқа жолдап, кәмелет жасына толмаған азаматтың құқығын қорғады.

Осымен тоқтамай мемлекет басшысы бекіткен заң және тәртіп қағидаты аясында азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында аптасына бір рет аудандық полиция басқармасының бастығымен бірлесіп жеке қабылдау жүргізуде.

Жеке қабылдау барысында жауапты қызметкерге азаматтың қатысуымен түпкілікті шешім қабылдануға нақты тапсырмалар беріліп, қадағалауға алынуда.

Нақтырақ айтқанда, «М» есімді азаматтың жеке қабылауда көрсеткен уәжі бойынша алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, нәтижесінде 15 тәулік ішінде сотқа жолданды.

Бұл бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар