29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашады.
Рейс аптасына 2 рет, дүйсенбі және сәрсенбі күніне жоспарланған. Бұл бағытта Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 типті әуекемелері ұшатын болады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Бүгінде Шымкент қаласының әуежайынан ішкі 7 (аптасына 256 рейс) және халықаралық 10 (аптасына 48 рейс) бағыт бойынша жүзеге асырылады. Ішкі бағыттар – Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Петропавл қалаларына, ал халықаралық бағыттар – Ыстанбұл, Мәскеу, Анталья, Дубай, Доха, Жидда, Шарм-эль-Шейх, Пхукет, Медина, Фукуок қалаларына қатынайды.
Жаңа бағыттардың ашылуы Шымкент тұрғындарына әлемнің әр түкпіріне саяхаттау мүмкіндігін кеңейтіп, қаламыздың халықаралық көлік торабындағы маңыздылығын арттыруда.
Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ