Редакция таңдауы

Қала әкімінің орынбасарлары тұрғындарды қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдау өткізді. Іс-шарада тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.

Қуаныш Жұмабекұлының қабылдауына жалпы 40 адам жазылып, тұрғындар жер телімдерін заңдастыру, тұрғын үй, денсаулық сақтау, жол құрылысы, әлеуметтік көмек бойынша мұқтаждықтарын айтты.

Сәрсен Абайұлының кезекті қабылдауына оннан астам адам жазылған. Тұрғындар қабылдау барысында бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, азаматтар білім беру ұйымына жұмысқа орналасу, жалақыны тұрақтандыру, мектептердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және тағы басқа мәселелерге қатысты өз өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ, кезекті қабылдауға тиісті басқарма өкілдері қатысып, тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берді.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар