«Жұмысшы мамандықтары жылына» орай, «Мамандық таңдау – маңызды қадам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға жеке кәсіпкер, коуч-тренер Қанат Әбілдәбеков және М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің Кәсіпкерлік және коммерциализация департаменті Кәсіпкерлік және серіктестік орталығының бас маманы Ақтөре Нұрымов қатысып, қала мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына бағыт-бағдар берді.
Сарапшылар жастарға мамандық таңдау кезінде ескеру керек негіздерді атап, еңбек нарығындағы трендтер, кәсіпкерлікке алғашқы қадам және өз ісін бастау мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат берді. Олар түлектерге өмірде өз орнын тауып, сүйікті ісімен айналысудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар тек тыңдап қана қоймай, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырылып, кездесуге ерекше атмосфера сыйлады.
М.МАМЫРБАЙҚЫЗЫ