Жастарға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын таныстыра отырып, осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуды насихаттау бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасына қарасты №14 кітапхана бөлімшесінде «Барлық мамандық маңызды» атты кездесу кеш барлық қала мектептерінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Іс –шараға қаламыздың №3 Индустриалды техникалық колледжі, № 5 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі», № 6″ Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің мамандары мен шәкірттері қатысып, кәсіби шеберлігімен бөлісіп, техникалық және кәсіптік білім алуды жетілдіруге бағыт — бағдар берді.
Оқушылар мамандыққа байланысты арнау өлеңдерін оқып, музыкалық сәлемін жолдап, маман иелеріне көкейіндегі сұрақтарын қойды. Кездесу еркін форматта, жақсы атмосферада өтті.
Нұрғали КАДЕНОВ, Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханАСЫ жүйесіндегі №14 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы