Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туған ана 2024 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ.
Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Дәрігерлер жігіттің аз уақытта қалыпты жағдайға қайта оралатынын айтты.
Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі