Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жастарға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын таныстыра отырып, осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуды насихаттау мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасына қарасты №14 кітапхана бөлімшесінде «Барлық мамандық маңызды» атты кездесу ұйымдастырылды.
Кешке қала мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға қаладағы №3 Индустриалды техникалық колледждің, № 5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі мен №6 Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің мамандары мен шәкірттері шеберлік сағатын өткізіп, кәсіптік білімнің қыр-сырымен таныстырды. Ал, оқытушылар қауымы техникалық және кәсіптік білім алуды жетілдіруге бағыт-бағдар берді.
Оқушылар мамандыққа байланысты арнау өлеңдерін оқып, музыкалық сәлемін жолдап, маман иелеріне көкейіндегі сұрақтарын қойды. Кездесу еркін форматта, жақсы атмосферада өтті.
Нұрғали КАДЕНОВ,
Шымкент қаласының орталықтандырылған
балалар кітапханасы жүйесіндегі №14
кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы