Редакция таңдауы

Қала әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков «Amanat» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауына қатысып, азаматтардың мәселесін тыңдады. Партия филиалы төрағасы, салалық басқарма басшылары және аудан әкімдерінің қатысуымен қала тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі баспана, жер қатынастары, білім және көлік мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, көп қабатты үйлерді жөндеу, жаңғырту, көше мен аулаларды жарықтандыру бойынша өтініштерін жеткізді.

Қабылдау барысында қала әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, шешу жолдарын ұсынды. Барлық көтерілген мәселе заң аясында қаралып, атқарылған жұмыстың нәтижесі тұрғындарға жолданатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар