Редакция таңдауы

2024 жылдың 1 қаңтарынан  қолданысқа енгізілген Арнаулы әлеуметтік төлем туралы

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауына сәйкес, Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктері  әзірленіп, жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып,  оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем 2024 жылдың 1 қаңтарынан  енгізу көзделді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодекске өзгерістер енгізіліп ,Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы  № 521 бұйрығымен Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары бекітілді.

Арнаулы  әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қойылатын талаптар:

55 және одан жоғары жасқа жету,

7 жыл және одан жоғары көлемінде жұмыс берушінің есебінен  5% Міндетті кәсіптік зиянды жарнасын төлеу фактісінің болуы,

Еңбек қызметін тоқтату, не болмаса еңбек жағдайларында зияны бар немесе факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысу.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру төлемді ресімдеу сәтіндегі зиянды жағдайлардағы жұмысқа байланысты төрт не екі қаржыландыру көзінен жүзеге асырылатын болады.

Арнаулы әлеуметтік төлемді енгізу, жұмыс істейтіндер үшін,  төлем мөлшері төрт көзден алынған жағдайда орта есеппен шамамен 208 мың теңгені құрайтын болады.

Жұмыс істейтіндер үшін:

  • Арнаулы кәсіптік төлем бюджет есебінен 2 -көнкөріс деңгейінде (2 х 46228) – 92456 тг.
  • Сақтандыру төлемі,өмірді сақтандыру компаниясынан 1- көнкөріс деңгейінде, 46228 тг.
  • Кәсіптік төлем, жұмыс беруші есебінен 1- көнкөріс деңгейінде, 46228 тг.
  • Міндетті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемі, БЖЗҚ-нан жинақтау негізінде.

Жұмыс істемейтіндер  үшін:

  • Арнаулы кәсіптік төлем бюджет есебінен 2 -көнкөріс деңгейінде (2 х 46228) – 92456 тг.
  • Міндетті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемі, БЖЗҚ-нан жинақтау негізінде.

 Арнаулы әлеуметтік төлем  проактивті түрде, яғни жұмыскерлердің өтінішінсіз тағайындалады және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ресімдейтін төлем тапсырмасы негізінде бірыңғай  төлеммен жұмыскердің банктегі шотына түседі.

жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.

Арнаулы әлеуметтік төлемдер еңбек жағдайлары  зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан төлем алушы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды.

Осылайша, егер адам төлем алу құқығын іске асырса және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.

Арнаулы әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар азаматтар төлемді тағайындауға өтініш беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшелеріне немесе проактивті түрде  жүгіну арқылы төлемдер тағайындауға өтініш бере алады.

                                                                                Ержан  Ергеш
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы
бойынша департаменті басшысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар