Редакция таңдауы

2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады

Суперкомпьютерлер мен кванттық технологиялардың қарқынды дамуы банк деректерінен бастап, мемлекеттік құпия ақпараттарға дейін үлкен қатер төндіруі мүмкін.

Еурокомиссия суперкомпьютерлердің қарқынды дамуына байланысты барлық құпиясөздердің бұзылу қаупі бар екенін ескертті

Еурокомиссияның технологиялық егемендік пен деректер қауіпсіздігі жөніндегі комиссары Хенна Вирккуненнің айтуынша, заманауи шифрлау жүйелері шамамен төрт жылдан кейін өзінің тиімділігін толық жоғалтуы ықтимал. Басты қауіп – заманауи ашық кілтті шифрлау әдістерін оңай бұза алатын кванттық компьютерлердің пайда болуында. Соның салдарынан жеке хат алмасуларды, банк операцияларын, корпоративтік деректерді және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қорғауға арналған күрделі құпиясөздердің өзі қауіп астында қалуы мүмкін.

Еурокомиссия бұл қатерге қарсы жалғыз тиімді шешім – посткванттық криптографияны енгізу екенін атап өтті. ЕО-ның жол картасына сәйкес, 2030 жылға қарай аса маңызды жүйелерді кванттық есептеулерге төзімді жаңа шифрлау әдістеріне көшіру ұсынылады. Алайда көшу мерзімі мен ауқымы жөніндегі түпкілікті шешім ЕО-ға мүше мемлекеттердің құзырында қала береді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win