«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың қос бірдей асыл перзенті-жазушы Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Қос қаламгер шығармаларынан» атты әдеби кеш өтті. Шымкенттегі Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №9 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастырған жиынға №44 жалпы орта мектептің оқущшылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Қос тұлға қазақ әдебиетінің алтын қорына айналған шығармаларымен оқырман жүрегінен орын алды. Т.Әлімқұлов – қазақтың дәстүрлі өнерін, ұлттық болмысын танытқан қаламгер. Шығармаларынан қазақтың рухы және мінезі көрініс тапқан. Жиын барысында жазушының болмысын, шығармашылығын саралаған баяндама оқылды. Жазушының «Көкпар», «Тұлпардың тағдыры», «Сарыжайлау» шығармалары талқыланды. Қонақтарға Т.Әлімқұлов жайлы бейне фильм көрсетілді.
Жұмекен Нәжімеденов – қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы. Оның өлеңдерінде туған жерге деген шексіз махаббат көрініс тапқан. Әсел Әнуарбек ақын жайлы баяндама оқып, «Менің топырағым», «Туған жер» өлеңдері және «Ақ көгершін», «Қыран қия», «Жаңғырық» поэмасына әдеби талдау жасалды. Еліміздің Әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні орындалды.
Жиын соңында «Қабырғалы қаламгерлер» атты тұрақты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қос қаламгердің шығармалары алдағы уақытта оқырмандарға одан әрі кеңінен насихаттала бермек.
С.ЕСЕНҚҰЛОВА,
ОБКЖ-нің №9 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі