Редакция таңдауы

Артық аударылған қаржы бюджетке қайтарылды

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы 2025 жылдың онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша «№133 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2024 жылы 1 200,0 мың теңге, «№43 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2024 жылы 6 931,2 мың теңге және «№27 Мәртөбе жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2024 жылы 4 830,2 мың теңге, жалпы 12 961,4 мың теңге негізсіз аударылғаны анықталды, яғни тәуекелдері расталды. Мектептерде артық аударылған бұзушылықтар сомасы бюджетке қайтаруға жатады.

Сондай ақ, Департамент тарапынан алдын-алу шараларын іске асыру аясында Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесінде онлайн бюджеттік мониторинг жалғасуда.

Н.Т.СУЛЕЙМЕНОВ,
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік
аудит
департаменті басшысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар