Редакция таңдауы

Әл-Фараби аудандық прокуратурасының жаңа ғимараты ашылды

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға партия филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев және кеңес мүшелері қатысты.

Жиында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев жаңадан тағайындалған кеңес төрағасы Берген Ержаппарды және жаңа құрамдағы комиссия мүшелерін таныстырып, бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.
Күн тәртібінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Кезекті отырыста қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының 2023 жылы және 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Басқарма басшысының орынбасары Самат Мергенов өз баяндамасында қаладағы инфрақұрылым саласы бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Басқарма басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, Шымкент қаласында 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 % құрап отыр. 2024 жылы Қайнарбұлақ 1-кезең, Бозарық 2-кезең нысандар бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, аталған елді мекендер толық табиғи газбен қамтамасыз етілді. 2025 жылы 17 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Кеңес мүшелері тарапынан басқарма басшысының орынбасарына сауалдар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Жиын соңында хаттама түзіліп, іс-шаралар жоспары нақтыланды.

Соңғы жаңалықтар