Редакция таңдауы

Шымкенттің боз кілемінде 300 палуан өнер көрсетті

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы III халықаралық турнир өтті. Бұл шара ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, дамытуға бағытталған маңызды оқиғалардың бірі ретінде ерекшеленді. 

Ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, «Qazaq Kuresi» ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов бұл халықаралық турнирдің қазақ күресін әлемдік аренада кеңінен танытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Турнирге Грузия, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Польша, Әзірбайжан, Үндістан және Өзбекстан елдерінен келген 300-ден астам балуан қатысып, еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылармен бірге 8 салмақ дәрежесінде өзара күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар