Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, индустриалдық аймақтардың экологиялық ақуалын бақылауда атқарылған шаралар мен мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты талдарулар жасалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы П.Бердалиев тақырып аясында баяндама жасап, осы бағытағы өзекті мәселелерді баяндады. Бұл ретте қала әкімі мүдделі тараптарға дәрілік заттардың босатылуындағы келеңсіздіктерді жоюда тиісті шараларды күшейтуді тапсырды.
Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты жүргілізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Айта кетейік, 2018-2024 жылдары аралығында 479 нысанның құрылысы аяқталған, оның ішінде 334 нысанның құжаттары ресімделіп мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті мекеменің теңгеріміне берілген. Ғ.Әбдімәжитұлы сала басшыларына мәселелерді заң шеңберінде қарастырып, бұл ретте әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында өндіріс орындарының экологиялық проблемалары да жан-жақты талқыланды. Қала басшысы жауаптыларға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға кері әсер ететін жағдайларға жол беретін кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды тапсырды. Өндірістік қалдықтарды қабылдайтын полигон салу бойынша тиімді ұсыныстар жасау тапсырылды.
Қала басшысы Ғ.Сыздықбеков қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап, аудан әкімдеріне арнайы техникалардың дайындығын қамтамассыз етуді ескертті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі