Редакция таңдауы

605 шақырым жол жөнделеді

Өткен жылдың қараша айында қаладағы Тіленшин және Момынов көшелерінде автомобиль өткелін салу жұмысы басталды. Бұл – теміржол өткелдерін қауіпсіз әрі реттелген түрде ұйымдастыру және көлік кептелісін азайту мақсатында қолға алынған жоба.

Жоспарға сәйкес, теміржол үстінен төрт жолақты өткел салынып, жаяу жүргіншілерге арналған жол мен бағдаршамдар орнатылады. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі жоспарланған.

Былтыр қалада 270 шақырымнан астам жол асфальтталып, биыл 201 шақырымда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 605 шақырым жолды жөндеу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1238 көшеге жарықтандыру жүйесі орнатылды, ал, биыл тағы 1550 көше жарықпен қамтылды. Жалпы бүгінде 2778 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін қаладағы барлық көшені толық жарықтандыру жоспарда бар.

Аталған жобалар көлік қауіпсіздігін арттырып, көше-жол желісінің өткізу қабілетін жақсартуға ықпал етеді және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге оң әсерін тигізеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win