2025 жылғы 1 қаңтрадан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайта есептеу жүргізіледі.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 пайызға артады. Мысалы, зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 82000 теңгені құраса, қосымша индекстеуді ескере отырып, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 88970 теңгені құрайды. Ал, зейнетақының ең төменгі мөлшері 57853 теңгеден 62771 теңгеге дейін ұлғаяды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындауға алғаш рет өтінім білдірген азаматтар үшін ең жоғары табыс (жалақы) мөлшерін септеу үшін 55 еселенген айлық есептік көрсеткішпен шектеліп — 216260 теңгеден (55 х 3932 теңге) аспайды. Мысалы, нақты табыс 320 000 теңгеден астам соманы құраса, зейнетақыны есептеу үшін 216260 теңгемен шектеліп, қабылданады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 62771 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46228 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32360 теңге;
Жалақының ең төменгі мөлшері – 85000 теңгені құрайды.
Еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін адамдар үшін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, балалар жәрдемақыларын (біржолғы және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша), сондай-ақ көп балалы отбасылар мен ата-аналарға (қорғаншыларға, қамқоршыларға) берілетін жәрдемақыларды ұлғайту айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (АЕК) және және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруін ескере отырып есептеледі.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 62912 теңгені, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен теңестірілгендерге – 29687 теңге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға – 24340 теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 17616 теңге, соғыстан кейін қайтыс болған және тірі кезінде мүгедек деп танылған, қайта некеге отырмаған соғыс мүгедектері мен қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) – 10066 теңге, тыл еңбеккерлеріне жәрдемақы – 8376 теңге болмақ.
Соғысқа қатысушылар болып табылатын Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне ай сайын – 545094 теңге (138,63 АЕК) төленетін болады.
«Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтарына ие болған тұлғаларға ай сайынғы жәрдемақы мөлшері – 138,63 айлық есептік көрсеткішяғни, 545094 теңгені құрайды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4837 теңге төленсе, дербес зейнеткерлерге (республика алдында сіңірген еңбегі үшін) – 4837 теңге төленбек.
Ал, мүгедектігі бойынша жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес 46228 теңгеден артады деп күтілуде. I топ – 101702 теңге, II топ – 81362 теңге, III топ – 55474 теңге болса, бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 101702 теңге, екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 84598 теңге, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 74427 теңге, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 101702 теңге, бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 84598 теңге, бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 74427 теңге болмақ.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы
Ата-анасының біреуі болмаған жағдайда балаларға немесе еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне ай сайын төленетін болады:
— бір адамға- 42530 теңге (0,92 КД),
— екі адамға- 78588 теңге (1,70 КД),
— үшеуіне — 104013 теңге (2,25 КД),
— төртеуіне – 120193 теңге (2,60 КД),
— бесеуіне — 127127 теңге (2,75 КД),
алты және одан да көпке — 138684 теңге (3,00 КД).
Тұл жетімдердің әрқайсысына — 71192 теңгеден (1,54 КД) алады.
Балалар жәрдемақысы
Баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы көбейеді:
— бірінші, екінші және үшінші балаға- 149416 теңгеге дейін (38,0 АЕК);
— төртіншіге- 247716 теңгеге дейін (63,0 АЕК);
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы:
— біріншісіне — 22649 теңге (5,76 АЕК),
— екіншісіне — 26777 теңге (6,81 АЕК),
— үшіншісіне -30867теңге (7,85 АЕК),
— төртінші және одан көпке — 34995 теңге (8,9 АЕК).
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны -74427 теңге, (1,61 КД).
Көпбалалы балалы аналардың жәрдемақысы
«Алтын алқа» (жеті және одан да көп бала) иегерлерінің ай сайынғы жәрдемақысы 29097 теңгеге (7,4 АЕК) дейін, «Күміс алқа» иелерінің ай сайынғы жәрдемақысы 25165 теңгеге (6,4 АЕК) дейін ұлғаяды.
Жерлеуге арналған жәрдемақы
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет қаражатынан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 35 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі. Жерлеуге берілетін жәрдемақы – 137620 теңге (35 АЕК).
Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі, оның мөлшері – 143912 теңге (36,6 АЕК).
Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары (18 жасқа толғанға дейін) немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында оқитын студенттері бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізілді. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, отбасындағы балалардың санына қарай сараланған мөлшерде республикалық бюджет қаражатынан тағайындалады.
2025 жылғы 1қаңтардан бастап:
Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы |
АЕК |
коэффициент | суммасы |
Көп балалы отбасына 4 балаға | 3932 | 16,03 | 63030 |
Көп балалы отбасына 5 балаға | * | 20,04 | 78798 |
Көп балалы отбасына 6 балаға | * | 24,05 | 94565 |
Көп балалы отбасына 7 балаға | * | 28,06 | 110332 |
Көп балалы отбасына 8 балаға | * | 32,00 | 125824 |
Көп балалы отбасына 9 балаға | * | 36,00 | 141552 |
Көп балалы отбасына 10 балаға | * | 40,00 | 157280 |
Көп балалы отбасына 11 балаға | * | 44,00 | 173008 |
Көп балалы отбасына 12 балаға | * | 48,00 | 188736 |
Көп балалы отбасына 13 балаға | * | 52,00 | 204464 |
Көп балалы отбасына 14 балаға | * | 56,00 | 220192 |
Көп балалы отбасына 15 балаға | * | 60,00 | 235920 |
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері
Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша: |
% | Төменгі күнкөріс деңгейі | Сомасы |
10 жыл және одан аз | 70% | 46228 | 32360 |
11 | 72% | * | 33285 |
12 | 74% | * | 34209 |
13 | 76% | * | 35134 |
14 | 78% | * | 36058 |
15 | 80% | * | 36983 |
16 | 82% | * | 37907 |
17 | 84% | * | 38832 |
18 | 86% | * | 39 757 |
19 | 88% | * | 40 681 |
20 | 90% | * | 41 606 |
21 | 92% | * | 42 530 |
22 | 94% | * | 43 455 |
23 | 96% | * | 44 379 |
24 | 98% | * | 45 304 |
25 | 100% | * | 46 228 |
26 | 102% | * | 47 153 |
27 | 104% | * | 48 078 |
28 | 106% | * | 49 002 |
29 | 108% | * | 49 927 |
30 және одан жоғары | 110% | * | 50 851 |
Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
реттеу және бақылау комитетінің Шымкент
қаласы бойынша департаментінің басшысы