Редакция таңдауы

АКАДЕМИЯ – БІЛІКТІ БАСҚАРУШЫЛАР ДАЯРЛАНАТЫН ОРЫН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай Астана қаласында «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз құттықтауында Академияның мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен олардың біліктілігін арттырудағы маңызды рөлін атап өтіп, оның ел игілігіне қызмет етудегі үлесін жоғары бағалады.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет ардагерлері, Академияның әр жылдардағы ректорлары мен серіктестері марапатталып, пленарлық отырыста мемлекеттік басқарудағы заманауи тенденциялар мен цифрландыру, жасанды интеллектті қолдану мәселелері талқыланды.
Академия түлектерінің форумында, сондай-ақ Президенттік Академия түлектерінің альянсы құрылып, мерейтойлық бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды. 30 жылда Академия 3 мыңнан астам магистратура мен докторантура түлектерін даярлаған академияның Шымкент қаласындағы филиалы да осы мерекеге үлес қосты. Филиал өңірлік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына айрықша еңбек сіңіріп, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру бағытында белсенді жұмыс істеп келеді.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған бұл мекеме адами капиталды дамытуға және мемлекеттік басқару сапасын арттырып келеді.
Академияның Шымкент филиалы өңірлік мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Филиал арқылы мемлекеттік басқарудың заманауи тәсілдері, цифрлық трансформация және коммуникация дағдылары оқытылады.
«Qazaq Resmi Test» жүйесі, шетелдік тағылымдамалар, және халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту. Академия PRINCE2 жобаларын басқару әдісі бойынша аккредитациядан өткен. Шетелдік және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен жыл сайын 23 мыңға жуық мемлекеттік қызметші оқытылады. Академия сонымен қатар тұлғалық даму мәселесіне де көңіл бөледі.
Абайдың «Толық адам» концепциясы мен әл-Фарабидің еңбектері арқылы мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен кәсібилігі қалыптастырылады. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлерінің мұрасы үлгі ретінде ұсынылады.
Академия 2029 жылға дейінгі мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы аясында қызметін жалғастырады. Шымкент филиалы арқылы өңірлік мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсетуді кеңейту көзделіп отыр.

Сауле РЫСБАЕВА,
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы Шымкент
қаласы бойынша филиалының
доценті, саяси ғылымдар
кандидаты

Соңғы жаңалықтар