ББиылғы жылдың 10 айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ халыққа 36,5 млн астам қызмет көрсетті. Оның 18,4 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 16,5 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың 97,3 пайызына тең болды. Күндізгі форматта 957 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 924 мың қызмет ұсынылды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ «Ұлттық қор –балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер көбейді. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады.
Биылғы есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны барлық формат бойынша 5,1 млн асты.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу — әлі де ең танымал қызмет қатарында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,0 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 16,7 млн астам үзінді көшірме электронды түрде және 3,7 млн астамы автоматты режимде рәсімделген.
БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.
2024 жылғы қаңтар-қазан айларында деректемелерді өзгертуге 171,4 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 156,4 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 35,3 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 740,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 35 мың материал жарияланды.