Редакция таңдауы

7282 ЗЕЙНЕТКЕР ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Екі жылдан бері шымкенттік зейнеткерлер шипажай кезегіне қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынған geo-shym.kz порталы арқылы өтініш беріп келеді. Мамандардың айтуынша, жыл сайын шипажайларда ем қабылдауға орта есеппен 13 мыңдай зейнеткерден өтініш түседі екен.

Шымкент қаласында зейнеткерлердің денсаулығын нығайту мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» орталығы шипажай қызметін көрсетеді. Бозарық шағын ауданында орналасқан 120 орынды сауықтыру кешенінде зейнеткерлер 10 күн бойы 25 түрлі ем ала алады.

Орталықта ем алушыларға барлық жағдай жасалған: күніне төрт мезгіл ыстық тамақ, таңертеңгі емдік дене шынықтыру, түрлі тренажер, емдеу құрылғылары, дәрігердің тағайындауына сәйкес электромагнитті терапия, сумен емдеу, дәрілік шөп шәй да бар.

Қала әкімінің бастамасы және қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, биыл зейнеткерлерге 5500 шипажай жолдамасы қарастырылған болатын. 1 желтоқсанға дейін 4 982 жолдама еңбек ардагерлеріне табысталған.

Сонымен қатар, басқарма жанындағы «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде биыл 2332 зейнеткер ем-сауықтыру қызметін алды. Жалпы, қала бойынша 7282 зейнеткер шипажайға жолдама алған.

Айта кетейік, зейнеткерлерге жолдама беру geo-shym.kz сайты арқылы кезек тәртібімен беріледі. Кезекке тұрған зейнеткер хабарлама алған соң, порталды ашып, кез-келген уақытта ЖСН арқылы кезектің жылжуын бақылай алады. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 29 мыңға жуық зейнеткер шипажай кезегіне тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win