Редакция таңдауы

ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ТӘРТІППЕН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің (Салық кодексінің 67 бабында Салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар баяндалған.

Атап айтқанда:
1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер – ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі – салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібі;
2. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
3) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;
5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін;
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық органы осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарды.

Н.ТҰЯҚБАЕВ,
Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінін бас маманы

Соңғы жаңалықтар